8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2024 2149 0
Білім

Тегін орталықтың қажеттігі айтылды

Бүгін, 24 қаңтар күні Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашевтың төрағалығымен өңірде тіл саясатының іске асырылуы жөнінде жиын өтті.

Басқосуда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев ҚР-ның «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған Орал қаласындағы атқарылған ауқымды шараларға кеңінен тоқталды. – Қазіргі жаһандану заманында, кез келген елде тұлғалық ұлттың тіліне, мәдениетіне, парасаттылығына сүйенбей, ұлттық мемлекеттің іргетасын қалау мүмкін емес. Қаладағы көлік қызметінде де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесі де талқыланды. Қазақ тілінде білім алушылардың санын арттыру мақсатында дәстүрлі «Қазақ мектебіне қадам басайық» жобасы өтті. Бүгінгі нарық заманын жарнамасыз елестету қиын. Осы жарнама мәтінінің сауатты, заң талабына сай болуы мемлекеттік тілге деген құрметтің көрінісі,-деді Серік Ерболатұлы.

Бұдан соң облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Абдуманов қаладағы көше аншлагына бақылау алынғаны, олардың әркелкі көлемде, әр түрлі материалмен, жазу тілінің барлығы бірдей тиісті заң талаптарына сәйкес еместігі анықталғанын түсіндірді. Жиынға қатысқандар Тіл туралы Заң талабын орындамаған жарнама агенттігіне шара қолданып, тіл үйрететін, жарнама мәтінін аударумен айналысатын, әлеуметтік желідегі тілдің сақталуына мониторинг жасайтын тегін орталықтың қажеттігін айтты.

Гүлім НҰРҚАТ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»