8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2019 2622 0
Өзек

ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ҮШІН АҚЫ АЛҒАН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының сақталуын бақылауға алатын уәкілетті мемлекеттік орган. Осы орайда департаменттің «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, заңнамаға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізген жоспардан тыс тексеріс қорытындысында «Ветеринариялық анықтамалар беру»мемлекеттік қызметінің ақылы көрсетіліп отырғандығын анықтады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашевтың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Алайда, ветеринариялық станция директоры мен ветеринария бөлімі басшысы келісімді түрде заңда көрсетілген талаптарды бұза отырып, ветеринариялық анықтаманың бланкісі үшін жеке тұлғаларға  200 теңге, заңды тұлғаларға 250 теңге мөлшерінде ақы тағайындаған. Жыл басынан бері 2000-ға жуық ветеринариялық анықтама беріліп, заңсыз ақы алынғаны белгілі болды.

Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шараларды қабылдау туралы нұсқама жолдады. Сонымен қатар  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін Орал қаласы ветеринария бөлімінің басшысы сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылса, ветеринарлық станциясының директорына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 465-бабы 2-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осындай тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ақылы қызмет көрсетілуі орын алған жағдайда департаменттің 8(7112) 50-41-18, 51-01-94 телефон нөмірлеріне хабарлауға болатынын ескертеді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
62 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
266 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
604 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»