8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2019 2210 0
Қоғам

ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ

 Осы  ұстаныммен Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіт жамағаты мен шәкірттері сенбілікке шықты.

Қатысушылар санитарлық тазалық жүргізіп, ғибадат үйінің ауласына  ағаш көшеттерін отырғызды.

– Алланың Елшісі Мұхаммад (с.а.у) адамдар жүретін жолдың үстін, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» – деу арқылы қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған, – деген мешіттің наиб имамы Наурыз Убаев асыл дінімізде тазалыққа қаншалықты мән берілетінін жеткізді.

Қоршаған ортаның тазалығы сол елді-мекендегі тұрғындардың мәдениетінен хабар береді. Демек, жамағат жиі бас қосатын Алла үйінің таза болуы  кім-кімге де міндет.

Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»