Тасқын су қаупі сейілген жоқ
БҚО ТЖ облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе жолының 102-шақырымында жолды су шайып кетті. Соның салдарынан Қаратөбе ауданында 9 елдімекенмен қатынас үзілді. Қазіргі кезде оқиға орнында жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша бұл ауданда да төтенше жағдай жарияланды.
Батыс Қазақстан облысында әзірге тасқын қауіпі сейілмей тұр. Мәселен, қала іргесіндегі Деркөл өзенінің деңгейі нормадан асып, Маштаков ауылындағы 80-ге жуық үйдің тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді. Тасқынға тойтарыс беруге мыңға тарта адам жұмылдырылды.
Көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарының құтқарушылары да қолғабыс беріп жатыр. Соның нәтижесінде су басқан 6 үйден су толығымен сорылды. Бұл Сырым және Теректі аудандарының эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғынына өз үйлеріне оралуына мүмкіндік берді. Тағы 33 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 206 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаевтың айтуынша облыста жағдай әлі күрделі. – Облыс бойынша алдын ала көшірілген 265 адамның 26-сы үйлеріне оралды. 33-і эвакуациялық қосынға, 206-сы туысқандарының үйлеріне орналастырылды. 282 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.
«Апаттық-құтқару жұмыстарына 996 адам, 323 техника жұмылдырылды. Соның ішінде Атырау және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменттерінің күш-құралдары қауіпті аймақтарға жіберілді,- деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.Өңірде «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 189 қоңырау түскен. Қазір 54 үйдің аумағында су сору және су бұру каналдарын төсеу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында отыз шақты үйге су кірген. Тасқынның бетін қайтаруға 300-дей адам тартылған. Олардың қатарында еріктілер де бар. Ақсайдың іргесіндегі Пугачев, Қызылтал және Аралтал ауылдарында да жағдай мәз емес.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу