КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕДІ
1 қаңтардан бастап тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері тарифтер төмендеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тұрғындар үшін қолданыстағы тарифтерді төмендету келісілгенін хабарлады.
«Батыс су арнасы» ЖШС сумен жабдықтау қызметі бойынша тарифті текше метріне 47,02 теңгеден 45,00 теңгеге, яғни 4,3 пайызға немесе 2,02 теңгеге арзандатып отыр. Суды бұру қызметі бойынша текше метріне 50,98 теңгеден 46,86 теңгеге, яғни 8,1 пайызға немесе 4,12 теңгеге төмендеді. Бұл «Жайықжылуқуат» АҚ энергия өндіруші ұйымының бағасының және электр энергиясы көлемінің төмендеуімен байланысты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ газ тарату құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметі 1000 текше метрі үшін 3176,23 теңгеден 2929,21 теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу 7,8 пайыз немесе 247,02 теңгені құрап отыр.
«Жайықжылуқуат» АҚ жылумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша өтемдік тариф 10,3 пайызға немесе 463,92 теңгеге арзандайды. 1 Гкал үшін 4524,31 теңгеден 4060,39 теңгеге төмендеді.
Оның ішінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту ақысы 14,62 теңгеге түседі. Яғни текше метріне 127,9 теңгеден (бұрынғы баға – 142,52 теңге) есептеледі. Ыстық су үшін тариф 24,59 теңгеге арзандап отыр. Енді текше метрі үшін 215,2 теңгеден болады (бұрынғы баға 239,79 теңге).
«Электрод» ЖШС жылумен жабдықтау қызметі бойынша баға 15,7 пайызға төмендетті. Яғни 1 Гкал үшін 4452,15 теңгеден 3751,01 теңгеге арзандады.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ электр энергиясын беру және тарату қызметі бойынша тарифі – 0,06 теңгеге арзандады.
«Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр энергиясын бөлшек саудада сату қызметі бойынша 10 пайызға немесе 1,15 теңгеге төмендеді. Яғни ендігі тариф 10,42теңге/кВт.сағатпен есептеледі.
Сондай-ақ департамент бұйрығымен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру және тарату қызметіне 5,61 тг/кВт.сағат мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітілді, қолданыстағы уақытша өтемдік тарифпен салыстырғанда төмендеу 6,7% немесе 0,40 теңгені құрады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу