8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2018 3217 0
Жалын

Тамара АСАР, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері: «Қызыл белдемшем кеңсемнің төрінде тұр»

– «Мен кереметпін», «Мен елдің алдымын», «Мен халықтан биікпін» деген әңгімеден аулақпын. Адамның ішіндегі ойы, адамның өз аузынан шықпаса, ол адам күйзеліске түседі. Құлдырау деген нәрсе бар. Егер пісіп тұрған алманы уақытында жемесеңіз, ол алма кеуіп не бұзылып  кетуі мүмкін. Сол сияқты адамның ойы да піскен кезде, уақытында керекке жарамаса, адамды құлдырауға ұшыратуы мүмкін. 22 жасқа келген кезімде қолымда жоғары оқу орнының дипломы болды. Кішкентай ғана екі бөлмелі, бір фортепиано, кішкентай ғана магнитафоны бар, киім ілгіштері көп  үйде тұрдым.  Екі кереует болатын. Бір мүгедектерге арналған арба болды. Негізгі ермегім есікке қарау болатын. Кім келер екен деп елеңдеп, сол кісіні күтіп алып, шығарып салатынмын. Есіктен мені керек еткен жандар көрінетін. Ақтауда «Абай» мәдениет сарайы бар. Сонда балалар баратын әр түрлі үйірмелер болды. Мамандығым бойынша вокалдан сабақ беретінмін. Әр түрлі жастағы балаларды таңдап алдым. Ең кішісі алтыда, ең үлкені өзімнен үлкен 25 жаста болды. Соларға ән айтуды үйретіп, сахнаға шығаратынмын. Өз қолыммен киімдер тігіп беретінмін. Сырға, сақина жасап, сурет салатынмын. Бір адам керемет ән айтса, арманыма жеткендей болатын едім. Қолымнан келген нәрсені екінші адамға үйретуді ермек еттім. Шәкірттерімнің барлығы өте жақсы жетістіктерге жетті. Сахнаға алғаш керемет ән айтып шыққан шәкірттерім ­– Ғаділбек Жанай, Кәмшат Жолдыбаева. Кәмшат 11 жаста болатын, оны Шевченко қаласынан арнайы алып келіп, сахнаға шығатын алғашқы көйлегін тігіп бердім. Адам өміріндегі кез келген мәселе, өсудің қайнар көзі. Біз проблемадан қашамыз, негізі проблема адам өміріндегі энергетикалық, психологиялық, тіпті профессионалдық өсуге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Бір күні есікті біреу қағады. Ашсам, ашулы әйел тұр. «Кіріңіз» дедім. «Сен бе Тамара?. Мен осындай оқушының анасымын» деді. Ол қыз менің болашағынан зор үміт күтетін ең сүйікті шәкіртім болатын. Кәсіби сахнаға бөлек дайындап, вокальдың құпия әдістерін үйрететінмін. Анасы менің ойыммен келіспейтінін, қызын кешкісін таныс емес жерлерге ән айтқызатынымды айтты. Сөйтсем, менің үміт артқан қызым «Тамара апай жұмсады» деп кешкісін көшеге шығады екен. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан». Менің оған деген талабым өте бөлек болатын. Сол қыздың анасы менің өмірімді мүлдем өзгертті. Барлық әрекеттерімлі реформалауға тырыстым. Бір күнде 24 оқушымен қоштастым. Қорқақ екенімді, өмірге ренішті екенімді сол күні байқадым. Өз арманыма жақындай алмай, өзім сол қыздай сахнаға шыққым келетінін сонда аңғардым. Өз үйімді жаттығу залына айналдырып жібергенмін. Бәрін сындырдым…  Кейде мұндай құбылыс адам баласына керек. Өз психикамыздағы революциядан өтпесек, қалыпты жағдайға жете алмауымыз мүмкін. Сол күні мен өз-өзіммен шынайы кездестім. Сол күннен бастап Тамара Асардың мәңгілік тренері болдым. Күн тәртібім өзгерді. Физиономиямдағы жаттығулардың бәрін өзіме арнадым. Себебі бел омыртқам, жамбасым сынған, аяғымнан айырылғанмын. Толықтай жарақат алып отырған қыз едім. Маған көмектескен әдеби кітаптар болды. Нумерология ғылымын зерттедім. Өзіме шынайы көңіл бөлдім. Тұлға болып қалыптасуы үшін әуелі адам армандай білуі керек. Арманды айқындау керек. Онымен фанатты түрде ауыру керек. Жатсаң да, тұрсаң да көз алдыңа елестей беруі қажет. Сонда арманың мақсатқа айналады. Бірден жоспар құрып, оған мерзім қойып ал. Әйтпесе нәтиже болмайды. Өзіме екі жыл мерзім қойдым. Медицинаға сәл қарсы шықтым. Екі жыл ішінде көлік апаты кезіндегі физиономиялық кемістіктердің бәрін қалпына келтірдім. Бұрын ағылшын тілі мен нотаны жақсы білгенмін. Жол апатынан кейін бәрін ұмытып қалғанмын. Психотерапевтік қайта оңалтудан өту арқылы  ағылшын тілін 15-20 пайыз есіме түсіріп, нотаны меңгердім. Осылайша арада екі жыл жарым уақыт өткенде кәсіби сахнама қайта оралдым.  Ең бірінші менің жетістігім – туфли кию болды. Ол мүмкін емес болатын. Әлемде туфли киілетін протез жасалмайды. Соны қаражаттық, физиономиялық және психологиялық мүмкіндік арқылы жүзеге асырам деп, дәл қазіргідей әдемі болмаса да, сахнаға жарайтын туфли киіп шықтым.

Әдемі қызыл юбкам болды, қазір ол юбка кеңсемнің төрінде ілулі тұр. Себебі ол менің кішкентай ғана көзмоншағым, тұмарым. Ол юбкаға қараймын да, осы менің өмірімнің басы деп ойлаймын. Ол белдемшенің ішінде көп нәрсе жасырынды. Адам қарауға қорқатын жарақат та болды, қозғалуға қорқып тұрған протезді аяқ та болды. Түрі жаман туфли де болды. Бірақ сол юбканың сыртынан мен өзімді өте сұлу әйел, әлемдегі ең бірінші ханшайым ретінде сезінетінмін. Белдемшемнің белі қылдырықтай, үстіме испандық кофта тігіп алдым. Шашымды түйіп алып шыққан кезде 18 мың ғаламдағы әдемі келіншек, әдемі ханшайым, әдемі қыз өзім ғана деп сезіндім. Қымбатты қыздар, ең бастысы сұлулықты бетке емес, жүрекке қондыру маңызды. Жүректегі сұлулықты ешкім алдай алмайды, сіздің дене бітіміңіз толық, аяғыңыз қисық, көзіңіз қитар бола берсін, жүректегі сұлулықты көзқарасыңыз міндетті түрде жеткізеді. Ал жүрекке сұлулықты армандау, арманыңызды айқындау, айқындалған арманның мерзімін шектеу, шектелген мерзімде фанатты түрде фиксация жасау арқылы қондыруға болады. Әрекетке ­– берекет дейді.  Әрбір қимыл қозғалысыңызды әрекетке фанатты түрде қоссаңыз, міндетті түрде көздеген арман-мақсаттарыңызға жетесіздер.

Жазып алған Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
27 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
77 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
94 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
98 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
185 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
181 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
187 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
270 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
527 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
719 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
849 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
859 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
934 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1337 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1355 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1431 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1519 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1725 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1724 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»