ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. БҚО-ДА САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ
19 наурыз күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысы жарияланған болатын. Аталған қаулыға бүгін өзгеріс енгізіліп, сауда нысандарының жұмыс уақытын шектеу 10.00 мен 18.00 аралығынан 9.00 мен 21.00 аралығына өзгертілді.

2020 жылдың 19 наурыздағы № 1-ПГВр
«Батыс Қазақстан облысының
аумағында жаңа коронавирустық
жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі
мен таралуының алдын алу жөніндегі
шараларды күшейту туралы»
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Мен, Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Қайыржанұлы Арыспаев, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылдың 19 наурызындағы № 1-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілсін:
1- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
– аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмысын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеу. Кемінде 1 (бір) метр қашықтықты сақтай отырып, кезектің 5 адамнан артық түзілуіне жол бермеу;
2. Осы қаулы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.
3. Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу