8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2023 1249 0
Оқиға

Төрт жасар баланы ит қапты

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 қыркүйек күні Ақсай қаласында болды.

«Шамамен кешкі сағат 19.00-де аулада ойнап жүрген баланы ит қауып, денесінің бірнеше жерінен жарақат келтірген. Аудандық ауруханаға ата-анасы жеткізген балаға хирург дәрігер шұғыл көмек көрсетіп, антирабиялық вакцина жасалды. Содан кейін жедел Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Күрделі ота жасалған бала ем алуды жалғастыруда», – деп хабарлады ведомстводан.

Баланың жағдайы орташа ауыр, қалыпты. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған дерек бойынша 13 қыркүйек күні ит иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 407-2-бабы 1-бөлігіне (үй жануарларын ұстау ережесін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»