Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Облыс аумағында болып жатқан өрттердің 70%-ға жуығы тұрғын үй секторына тиесілі. Негізгі себептері ретінде отты абайсыз пайдалану (темекі шегу, ашық от көздерін пайдалану, балалардың тентектігі) және электр аспаптарының ақаулығы болып табылады. Мұның салдары қайғылы жағдайларға алып келеді.
Өрт – жану көзінің жанғыш материалдармен жанасуы нәтижесінде пайда болады. Жану қаупін болдырмау үшін осы нысандарды бір-бірінен оқшаулау қажет. Егер ашық отты немесе электр құрылғыларын пайдаланылатын болса, тез тұтанатын заттарды қауіпсіз қашықтыққа алып тастау қажет.
Өрт – бұл кездейсоқтық емес, көп жағдайда салғырттық пен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмау нәтижесі.
Қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында тыйым салынады:
• Зақымдалған розеткалар мен қосқыштарды пайдалану.
• Ашық электр сымдарына бояу жағу немесе оны түсқағаздармен жабу.
• Сымдарды батареяларға, мұржаларға немесе басқа да қыздырғыш құрылғылардың үстіне салуға. Электр сымдарына судың тиюін болдырмау маңызды.
• Қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалану.
• Бір розеткаға бірнеше жоғары қуатты электр құрылғыларын қосу.
• Газ иісі байқалған кезде газ құрылғыларын пайдалану. Газ құрылғыларын орнату, жөндеу және тексеру жұмыстарын тек тиісті маман өкілдері ғана жасауы тиіс. Газ иісі байқалған жағдайда, крандарды жауып, төтенше жағдай қызметін шақыру керек.
• Киімді пештің үстіне кептіру.
Абайсыз темекі шегу ерекше қауіпті. Өрттің себебі – балконнан өшірілмеген темекі тұқылдары немесе сіріңкелерді лақтыру салдарынан болады. Төсек орнында мас күйде темекі шегу қайғылы салдарға әкеліп соғады. Темекі тұқылдарын картон немесе пластик қораптарға, консервілердің банкаларына салуға болмайды, олардан жылу оңай өтеді. Темекі тұқылдарын жанғыш материалдармен жанасуын болдырмай, шыны, металл немесе қыш күл салғыштарға мұқият орналастыру қажет.
Өрт қауіпсіздігінің ережелері қарапайым, оларды сақтау – өмірді, мүлікті және тұрғын үйді сақтап қалады. Жанғыш материалдар ашық отпен және электр бұйымдарымен жанаспайтын жерде өрт туындамайды, сондықтан қағаздан, матадан, ағаштан жасалған бұйымдарды газ плиталары мен электр құралдарынан алып тастау қажет. Жертөлелерде жанар-жағармай материалдарын, бензин және т.б. сақтауға тыйым салынады. Балкондарға шығу әрдайым ашық болуы қажет.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу