Түрмеге есірткі кіргізбек болғандар сотталды
БҚО мамандандырылған қылмыстық сотында №28 түзету мекемесіне есірткі кіргізбек болған Жайлықанов, Жалғасбаев, Хангереев, Рақишевке қатысты айыптау үкімі оқылды.

Олар 11 жылдан – 14 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жалғасбаев Жасдәурен 2013 жылы адам өлтіру, заңсыз қару жасау сынды аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып, сотталыпты.
Ол жазасын өтей отырып, түзету мекемесіндегі сотталғандарға есірткі тектес заттарды тасымалдау шараларын ұйымдастырмақ болған. Бұл іске ол түзету мекемесіндегі қызметкер (күзетші) Жайлықанов Бекболатты тартып, оған 10 мың теңге пара берген. Және Ракишев Асылбек пен Хангереев Анарбекті өзінің қылмыстық ісіне араластырған.
Оған сот 14 жыл түпкілікті бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Бұл қылмыстық іс алдын ала сөз байласу арқылы жасалмақ болған. Хангереев Анарбек тасымалдаушы қызметін атқарса, Ракишев Асылбек есіркі тектес заттарды тапқан.
Судья Хангерревке 11 жыл, Ракишев Асылбекке 12 жыл мерзімге жаза кесті. Ал сотталушылар үкіммен келіспейтіндерін жеткізді.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру