8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2023 2073 0
Оқиға

Тұрғын «дропперді» ұстауға көмектесті


Жуырда Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, тапсырыс бойынша егде жастағы әйелдің сәлемдемесін жеткізгені күдік тудырғаны туралы хабар берді.

Ол айтылған мекенжайға барған кезде алдынан жасы үлкен әйел шығып, сөмкені ұстатады. Содан бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауды жөн көреді.

Полицияның жедел уәкілдері тез арада аталған жеткізушімен байланысып, алаяқтың ізіне түседі. Анықталғанындай, Орал қаласының 1939 жылы туған тұрғынына белгісіз біреулер хабарласып, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, оған қызының жол-көлік апатына түскенін және оны реттеу үшін қомақты ақша қажеттілігін айтып, келген курьер арқылы беріп жіберуін талап етеді. Қоңырау шалушылардың сөзіне сенген зейнеткер алаяқтарға 1 мың АҚШ долларын және 300 мың теңге ақшасын беріп жібереді.

Ал «дроппер» өз кезегінде алаяқ бола тұра, ізін жою үшін арнайы қосымшалар арқылы жеткізушінің көмегіне жүгінеді. Жедел-тергеу іс-әрекеттері нәтижесінде Орал қ. ПБ Абай Пб қызметкерлері 2001 жылы туған Орал қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Алайда ол ақшаны алаяқтарға беріп үлгермеді.

Ұсталған азамат Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚҚ-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»