8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2019 1494 0
Өзек

ТҮНГІ КЛУБТАР ҚЫЗМЕТІН ШЕКТЕУ ҰСЫНЫЛДЫ

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қоғамда сын көп. Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында осы мәселеге басымдық беріп, құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігін айтты. Елбасы тапсырмасымен Ішкі істер органдары жұмысын түбегейлі жақсартатын әлеуетті реформаны жүзеге асыру басталды. Осы орайда өңірге келген ҚР мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Анар Жайылғанованың БҚО полиция департаменті қызметкерлерімен кездесуінде өңірде құқық қорғау органдарын жаңғырту туралы заңға енгізілген түзетулердің жүзеге асырылу жағдайы қозғалды. 

БҚО полиция департаменті бастығы, генерал-майоры Махсудхан Аблазимовтың айтуынша, өңірдегі жедел жағдай тұрақты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 10 пайызға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда облысымыз республикада екінші орын, орташа ауырлықтағы қылмыстарды ашу жөнінен – үшінші, ауырлығы онша емес қылмыстарды ашу бойынша – бірінші орында.

Елбасының тапсырмасына орай құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту, қылмыстарды электронды тергеу жобасын жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар алуға облыс әкімдігі тарапынан 200 млн. теңге бөлініп, 239 компьютер мен көпфункционалды құрылғылар, 160 қосымша монитор және графикалық планшеттер, 140-тай IP бейнекамера алынған. Әр жұмыс орны ІІМ, Бас Прокуратураның және сот органдарының базасына қосулы. Яғни, департамент аталмыш жобаны жүзеге асыруға дайындықтарын алдын ала нақтылады.

Цифрландыру жұмысын жалғастыру мақсатында санкциялауды онлайн режимінде тергеуді тәжірибеге енгізу белсенді жүргізілуде. Бұған да облыс әкімдігінің қолдауы мол. 2018 жылы әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімін енгізу үшін 130 млн. теңге бөлініп, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне 304 мобильді планшет алынған. Бүгінге дейін планшет арқылы 7000-нан аса әкімшілік хаттама электронды түрде толтырылған. Ал 808 млн. теңгеге учаскелік полиция инспекторлары мен жасөспірімдер полицейлері үшін 465 бейнежетон алынған. Департаменттің жедел басқару орталығында «112 бірыңғай диспетчерлік-кезекшілік қызметі» іске қосылады.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, заңнама және соттық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Парламент қабылдап, Елбасы қол қойған заңдардың тиімділігін, халықтың қабылдауын анықтау және заман ағымына сай заңдарға өзгерістер енгізу үшін халықпен кездесудің маңыздылығын атап өтті.

– Елбасы өткен жылы «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялап, одан кейін халыққа Жолдауын арнады. Оның әрқайсысында құқық қорғау органдары, соның ішінде полиция қызметкерлеріне қойылған талап жоғары. Бұл полиция қызметкерлеріне және халық сайлаған депутат ретінде бізге де жауапкершілік жүктейді. Жыл соңында құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын реформалаудың жол картасы дайындалды. Үкімет бекіткен жол картасының бірінші тоқсаны – жағдайды зерделеуге арналмақ. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалық жұмыстар жүруде. Наурыз айында ІІМ келесі іс-әрекетті бастайтын болады, – деген Нұрлан Әбдіров өзгерістер халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруды мақсат ететінін атап өтті.

Жол картасы аясында департамент басшылары мен орынбасарлары Ақордада ҚР Президенті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиядан өткізілмек. Басқармалардың басшылық құрамы ІІМ орталық аттестациялық комиссиясынан, қалған қызметкерлер жергілікті өңірлерде құрылған аттестациялық комиссиядан өтетін болады. Яғни, қызметкерлердің бәрі қай­та ат­тес­таттаудан өтіп, іріктел­генд­ері ғана қыз­ме­тін жалғастыратын болады.

Мәжіліс депутаты «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында енгізілген «Е-қылмыстық іс» жобасына тоқталып, өңірдегі қылмыстық істердің электронды түрде тергелуіне басымдық берді.

Кездесу аясында полиция қызметкерлері жұмыс барысында туындаған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, подполковник К.Қоспаев бұзақылық қылмыстардың басым көпшілігі таңғы уақытта болатынын және оны түнгі клубтардан мас күйде шыққандар жасайтынын алға тартып, заң шеңберінде түнгі клубтардың жұмыс кестесін қысқарту мәселесін көтерді. Департаменттің есірткімен күрес басқармасының бастығы, подполковник А.Хлевин есірткі заттарын сақтағандар үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарастыруды ұсынды. Андрей Хлевиннің келтірген мәліметіне сүйенсек, заңнама бойынша қылмыстық жауапкершілік 1 келіден артық марихуана сақтағандарға ғана қаралған. Көршілес елдерде оның көлемі біршама төмен.

– Марихуананы сақтаудың көлемін өзгертудің нәтижесі болады ма деген сұрақ туындайды. Бұған дейін өздеріңіздің әріптестеріңіз осы шаманы нақтылауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіп, олар осы 1 келіге тоқталды. Егер біз бұл шаманы көбейтіп немесе азайтсақ, наркодилерлер үшін де қиындығы жоқ. Олар топтаманың салмағын өзгерте салады. Егер 500 грамм деп белгілесек, олар 450 граммнан тасуы мүмкін. Сондықтан өзгеріс енгізу айтарлықтай нәтиже береді деп айта алмаймыз.  Ал ойын-сауық кешендерінің жұмыс уақытын шектеу азаматтардың бос уақыттарын өткізу құқын бұзумен тең. Сондықтан бұл мәселені жергілікті азаматтық қоғаммен кеңесу қажет, – деді Нұрлан Мәжитұлы.

Халық қалаулылары қойылған басқа да ұсыныс-сұрақтарды қарастыру үшін жоғары органдарға жеткізетінін мәлім етті.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
90 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
351 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
610 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
850 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
886 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1039 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1233 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1468 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1553 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1663 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1671 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1701 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1707 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1810 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2031 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2338 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»