8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2019 1677 0
Қалалықтар қаперіне

ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА! ПОЛИЦЕЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына 2019/2020 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын жариялайды.

Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды жастарды шақырамыз. Жасөспірімдердің бойы – 170 см.-ден, қыздардың бойы – 160 см.-ден төмен болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына 4 жылдық оқу мерзімі бойынша Қарағанды академиясы жатады. Бітірушілер  арнайы  «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шығады:

Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы:

  • ІІО сотқа дейінгі тергеу,
  • ІІО жедел-криминалистикалық қызметі.

Оқуға түсу үшін таңдаулы пәндер: «Дүниежүзі тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық». ІІМ ЖОО түсуге конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе КТА-дан 50 балдан кем жинамау керек, соның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем болмауы тиіс, профильді пәндерді қосқанда.

Оқуға түскеннен кейін курсанттардың оқуы, тамақтануы, киім-кешегі және демалыс мезгіліндегі жол ақысы мемлекет атынан толық қамтылады (ақысыз). Оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші курсанттар  міндетті түрде қызметке алынады және оларға «полиция лейтенанты»  атағы беріледі.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1 ақпанынан басталды.

Алғаш  рет  келушілер өздерімен бірге:

– өзінің жеке куәлігі мен туу туралы куәлігінің тұпнұсқасын және нотариалды расталған көшірмелерін;

– отбасы мүшелерінің әрқайсысына: жеке куәлік және туу туралы куәліктерінің көшімесін;

– 3,5 х 4,5см өлшемді фото – 8 дана, 9 х 12 см өлшемді фото – 1 дана (костюм, галстук).

 

Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

БҚО Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45-үй, 435 – кабинет, тел: 98-42-85. Интернет-ресурсы: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»