ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚ ЖҮРГІЗУДЕ
Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша әрекет ету тәжірибелік сабақтары, жарақат кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек, жеке қорғаныс құралдарын қолдану бойынша ашық сабақтар өткізуде. Ашық есік күндері аясында орталық және оқу-жаттығу базаларында экскурсия өткізілді.

Жасақтағы экскурсияға ҚазИИТУ «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» факультетінің студенттері, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің «Өрт қауіпсіздігі» бөлімінің студенттері қатысты.
Экскурсия барысында балалар жасақтың құрылу тарихына үңілді. Сонымен қатар оларға арнайы техникалар мен авариялық-құтқару құралдарын, сүңгуір жабдықтарын және құралдарын көрсетті. Ашық есік күніне қатысушылар тыныс алуға жарамсыз ортада немесе жұқтыру аймақтарында жұмыс істеу үшін құтқарушылар қолданатын ағзалар мен тері жабындарын жеке қорғау құралдарының заманауи түрлерімен танысты. Сонымен қатар сүңгуірлік жабдықтармен, судағы және мұздағы құтқару құралдарымен таныстырып, сүңгуірлік су астына түсу оқу жаттығуын көрсетті. Қызығушылық танытқандары гидрокостюмдер мен сүңгуірлік жарақтарды өздеріне киіп, өлшеп қарап, сүңгуірлік қызметтің ауыртпашылығын сезінді.
Құтқарушылар балалардың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына жауап берді, олардың көпшілігі құтқарушының немесе өрт сөндірушінің мамандығы бойынша қайда білім алуға болатыны қызықтырады. Оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК-ңің Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары айтылды.
Л.Абдрахманова, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу