8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2020 1434 0
Қоғам

СУРЕТШІДЕН СЫЙ

Оралдық суретші Ольга Валерова бүгінгі таңдағы ахуалға орай дәрігерлерге қолдау көрсету мақсатында қабырғаға сурет салды. Ол осылайша індетпен күресуде уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға күш беруді жөн санаған. Бастамаға қалалық әкімдік мұрындық болып, жас суретшіге қолдау білдірген.


Ольга Валерева – Сәкен Ғұмаров атындағы көркем-сурет мектебінің түлегі. Стрит-артпен бұрыннан шұғылданып келеді. Дегенмен, осы еңбегінің мән-маңызы басым екенін айтты.
– Мен қабырғаға алғаш рет сурет салып отырған жоқпын. Бірақ бұл жолы осы туындыны ерекше ықыласпен қолға алдым. Оның себебі елімізде жағдай жақсарып келеді. Оған ең алдымен медицина мамандарының еңбегі ерен. Мен сурет салуға алған бұл орын өте лас еді. Орынды тазалап, қолыма бояу алып, дәрігердің бейнесін қабырғаға түсірдім, – дейді суретші.
Стрит-арт шеберінің дәрігерлерге арнаған тартуын City center ауданынан көруге болады.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»