8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Шілде 2019 1800 0
Қоғам

«Sunkar smart sity» – қауіпсіздік жүйесін дамытудың жалғасы

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Sunkar smart sity» бейнебақылау жүйесі жұмыс жасай бастады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясындағы жоба әзірге Бәйтерек ауданында жүзеге асырылуда. Жоба іске қосылған екі аптаның ішінде үш қылмыстың тез ашылуына мүмкіндік берген.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйесінің көмегі зор. Жаңа жоба бойынша орнатылған камералар Бәйтерек ауданының жеті елдімекенін  қамтиды. Бұлар – Мичурин, Асан, Дарьинск, Калининский, Үшлкен шаған және Көшім. Жалпы 243 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар дрондар арқылы бақылау жүргізіледі.

– «Sunkar smart sity» өзегі Переметныйда орнатылды. Осында бағдармаға енгізілген барлық елдімекендерден ақпарат түсіп отырады. Операторлар жағдайға байланысты нақ  уақытта бақылауға алады. Бағдарламаны қосылғаннан-ақ үш қылмыс ашылды. Бір нүктеге екі камераға қойылған оның бірі – бекітілген, екіншісін – оператордың  бұруына болады. Сондай-ақ біз құқық қорғау органдарына қылмыскерлерді іздестіру бойынша жаңа алгоритм ұсынып отырмыз, – дейді Александр Молчанов.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл өңірімізде қылмыстар аз да болса азайып келеді. Қоғамдық орындарда тәртіп сақталуы қажет екендігі туралы айтылғанымен, қылмыстардың 30  проценті осындай орындарда тіркеліп отыр. Барлық бағыттар бойынша полицейлер патрулін қою мүмкін емес. Сондықтан Серік Қойсарыұлының айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуының бір амалы – бейнебақылау жүйесін енгізу.

– 2000 жылдардан бастап елімізде жедел басқару орталықтарына байнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта біздің қаламызда 97 бейнебақылау камера қойылған. Оған қоса «Қауіпіз аула» жүйесі бойынша 346 камера қойылды. Осы камералардың көмегімен жыл басынан бері 48 қылмысты аштық. Олардың 13-і ұрлық, 15-і бұзақылық және басқалары. 6000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Олардың тең жартысы жол қозғалысы ережелеріне қатысты болса, бір қатары қоғамдық тәртіптің сақталмауына қатысты. Қауіпсіздік жүйесін дамытудың жалғасы ретінде жасалып жатқан жұмыстардың бірі ретінде «Sunkar smart sity» жобасын атап өтуге  болады, – деді БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев.

Қазіргі уақытта Бәйтерек аудандық Полиция бөлімінің полицейлері жаңа жүйемен жұмыс жасауды үйренуде.  Сәтін салып, жоба оң нәтижелілігін көрсете түссе, облыстағы барлық аудан-ауылдарды бір жүйеге біріктіру көзделіп отыр.

– Ол кезде орталықтан бақылаушы маман интерактивті картадан өзі қажет еткен ауданды және онда қойылған камераны таңдай алатын болады. Таңдалған елдімекен бойынша онлайн режимде сол жақтағы көріністі толық көруге мүмкіндік болады. Яғни жүйенің болашағы зор,– деп толықтырды А.Молчанов.

Жоба отандық әзірлеме болғандықтан, бағасы төмен. Әйткенмен, сапасы жоғары деп сендірді компания өкілдері. Өйткені барлық жүйедегі артықшылықтарды жиып, осы жобаға топтастырған. Бейнекамералар да осы компанияның құрастырмасы. Айтуларынша, ол үшін әр түрлі өндірушілердің өнімдерін сынамадан өткізіп,  ең жақсысын таңдап, өз камераларына ендірген. Бұл камералар қандай да болмасын ауа райына төзімді. Сондай-ақ компания алдағы үш жыл ішінде қажетті жаңа функцияларды қосып, жобаны жетілдіре түспек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
308 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
288 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
599 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1071 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1443 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1277 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1802 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2423 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2586 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2591 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2644 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2650 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2192 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3125 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3178 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3170 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3792 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3754 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3747 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3720 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3881 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»