8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2024 2922 0
Мезгіл мәселесі

Су тасқынының екінші кезеңі басталды

Бүгін, сәуірдің 5-сі күні Төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов пен қала әкімі Миржан Сатқанов баспасөз қызметкерлерімен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Алдымен облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов су тасқынының жағдайы туралы баяндады. – Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні басталған су тасқыны салдарынан, алдын ала болжам бойынша 6 ауданда және Орал қаласындағы 552 тұрғын үйлерді су басу фактісі орын алды. Бұдан бөлек 29 наурыз бен 2 сәуірде қала маңындағы 427 саяжайды су басып, 398 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендерге 2500-ден астам еріктілер көмектесіп, кезекшілік ұйымдастырылды. Автомобиль жолдарының учаскелерінде 63 су басу және 60 су шаю фактісі орын алды. Қазіргі кезде су тасқынының екінші кезеңі басталды. Ресей Федерациясынан бастау алатын 5 трансшекаралық өзендерімізде су деңгейі қатты көтерілген. Елді-мекендерде судан қорғау жұмыстары жалғасуда,-деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Бұдан соң қала әкімі Миржан Сатқанов: – Оралда су тасқынының алдын алу шараларына жеке құрамның 300 адамы, әскери бөлімнің 60 сарбазы, басқа өңірден 96 төтенше жағдай қызметкерлері, барлығы 456 адам және 290 бірлік арнайы техника қатысты. Келтірілген зиянды есептеу және өтеу жөніндегі комиссия қала тұрғындарынан өтініш қабылдау басталды. Сондай-ақ «Казгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов су деңгейінің 15 сантиметрге түскенін айтты.Сондай-ақ соңғы 30 жылда ең жоғары су деңгейінің көтерілуі екенін атап өтті.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»