8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2024 3371 0
Қалалықтар қаперіне

Су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына үйлер салынуда

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына салынып жатқан Оралдағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.  


Атап айтқанда, Нариман Төреғалиев
Орал қаласындағы Жұлдыз шағын ауданы, Зашаған кенті және Деркөл кентіндегі Сарыарқа, Көкжиек шағын аудандарындағы құрылыс алаңдарына барды. Өңір басшысы құрылыс компанияларының басшыларымен кездесіп, тұрғын үйлердің сапасын және аяқталу мерзімін басты назарда ұстауды тапсырды.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналардың құрылысы тікелей Мемлекет басшысының бақылауында. Біз тұрғын үйлерді барынша сапалы қылып салу керекпіз. 1-ші қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар баспаналарына қоныс аударуы тиіс», -деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды орынбасары Тілепберген Каюповке тапсырды.

Нариман Төреғалиев құрылыс жұмыстарына жергілікті компаниялар тартылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 30 компания құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

“Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың барлығы-жергілікті компаниялар. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті дамытуға әкеледі. Өңірдегі құрылыс компанияларының саны артады. Қазір бұлкомпаниялар үй салудан бастаса, болашақта ірі-ірі әлеуметтік нысандардың құрылысына көшеді”- деді БҚО әкімі.

Атап өтейік, қазіргі уақытта Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына арналған 450 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»