8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2018 5065 0
Жалын

ҚҰСТАРҒА СЫЙ

Оралдық студент Нұрай Темірғали өзінің туған күнінде құстарға тамаша тарту жасады. Ол 17 жасқа толған туған күнін атап өтпей, оның орнына құстарға арналған 17 ұя мен жемсауыт жасатып, достарымен бірге қалалық мәдениет және демалыс саябағына орнатты.

Нұрай Темірғали – Орал гуманитарлық техникалық колледжінің екінші курс  студенті.  Болашақ тіл маманы. Орниталогия саласына деген қызығушылығы 13 жасқа толғанда әкесінің Есенғали Раушановтың «Құстар біздің досымыз!» деген үлкен кітапты сыйға тартқанынан басталған. Ал кезекті 17 жасын достарымен бірге атап өтуді жоспарлағанымен, атаулы күнге бір-екі апта қалғанда ойын өзгертіпті. Қыздарының ақ ниетін отбасы да құп алып, бірден ағаш шеберіне тапсырыс берген.

–  Атап өтуге болатын еді. Достарымды шақырып, сыйлық алған да жақсы. Бірақ, соған кететін ақшаға қанатты достарыма көмектескім келді. Бала кезімнен құстарды жақсы көремін. Құстарға әрдайым қамқорлық керек. Олар – өте сезімтал келеді. Әсіресе қыстыгүні олар бір уыстай болып, бүрісіп тоңып тұрғанын көреміз. Кішкентай қанаттарымен өздерін қорғап, өмірлерін сақтауға тырысады. Бұл бастамам болашақта өзім секілді жастар тарапынан қолдау тапса екен деймін, – дейді  ақылды Нұрай.

       

     

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»