8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2023 2973 0
Бәрекелді!

Стамбұлда БҚО камералық оркестрінің концерті өтті

Стамбұлдағы Зейтин-бұрны ауданында Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің концерті өтті.


«Ақжайықтан Стамбұлға сәлем» атты кеште әлем классиктерінің шығармаларымен қатар, камералық оркестрге арнап өңделген халық әндері шырқалып, күйлер шертілді. Бұдан бөлек, домбыра үнін сағынған жырақтағы ағайындар үшін де әндер орындалды. Шараны ұйымдастыруға Стамбұлдағы Қазақстанның консулдығы қол ұшын созды.

Салтанат Әбілғазиева, Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры:

Тұңғыш рет өзге елде БҚО камералық оркестрі концерт беріп жатыр. Бұл күн біз үшін тарихи күн. Жергілікті қандастар, түркі мемлекетінің азаматтары өте жылы қабылдады. Көрерменнің талғамы әртүрлі әрқайсының көңілінен шыққымыз келді. Мақсатымыз орындалды деп ойлаймын.

Адем Услу, Зейтинбұрны ауданының әкімі:

Қазақ өнерпаздардың концертінен өте жақсы әсер алдым. Әрбір шығарма ерекше болды. Алыстағы бауырларымыздың өнері арқылы сол жақтағы мәдениетпен жақынырақ таныстық. Оркестрдің мүшелерін Зейтинбұрны ауданында қонақ қылып күтіп, концертін өткізу біз үшін де үлкен мәртебе.

Дереккөз: qazaqstan.tv

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
135 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
379 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»