СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ардагері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы, «Үш би», «Судьялар Одағының құрметті мүшесі», Қазақстан Республикасының «Құрметті судьясы», Мінсіз қызметі үшін III, II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, ҚР ЖС Құрмет грамотасы атақтарының және т.б. марапаттардың иегері Ғалихан Айдынғалиұлы Бапаховпен кездесу өтті.

Іс-шара Ғ.Бапаховтың облыстық соттың судьялық корпусы және облыс судьяларымен кездесуімен басталды. Облыстық сот төрағасы Бек Әметов ардагерді облыстық сот ғимаратымен таныстырып, облыстың сот жүйесінде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ардагері Ғалихан Бапаховқа Жәнібек ауданының құрметті азаматы атағы табыс етілді. Атақты Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев табыстады.
Отставкадағы судья өзінің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судьялық қызметті бастаған уақыты туралы әңгімеледі. Өткен жылдардағы сот саласының жұмысы мен бүгінгі сот жүйесіндегі жетістіктерді салыстырды. «Өз бойындағы талабына қарамай әр адам үнемі өз білімін шыңдауға тырысуы тиіс. Заңнамаларды білумен қатар компьютерлік біліктілікті арттыруға, тіл меңгеруге, рухани жаңғыруға ұмтылу керек»,-деп атап өтті Ғалихан Айдынғалиұлы.
Бұған қоса, ардагер өзінің сот саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас судьяларға ақыл-кеңесін айтты. Іс-шара сот саласы қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты.
Кездесу соңында Ғ.Бапахов іс-шараның ұйымдастырушыларына зор алғысын білдіріп, шығармашылық табыс, қызметтеріне жетістік тіледі.


Нұргүл Қанатбаева, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу