8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2018 2337 0
Жалын

ӘСКЕРИЛЕР БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Жаңа жыл мерекесі алдында жылдағы дәстүрмен «Аялаған алақан» қайырымыдылық қорымен бірге балаларға қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды. 

Оған қаламыздағы дамуында ерекше сұранысқа ие балалармен жұмыс жасайтын үш мектептің 30 тәрбиеленушісі шақырылды.

Басқарма бастығы, полковник Руслан Ниетәлиев балғындарды мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі.

– Қолдан келгенше балаларға қуанышты мереке сыйлауды мақсат еттік. Бұл біздің басқармада дәстүрге айналған қайырымдылық шара. Жыл сайын «ИНТЕКССТРОЙ» ЖШС бізді қолдап, демеушілік көрсетіп келеді. Балақайлардың жүздері бал-бұл жанып, мерекені сезініп жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Олар  – біздің болашағымыз. Сондықтан, балғын шақтарының әр күні мерекелі болуы тиіс. Лайым сауығып кетулеріне тілекшіміз – дейді Руслан  Шәріпұлы.

Мерекеда басқарма қызметкерлері түрлі ертегі кейіпкерлері бейнесінде шығып, балалармен шыршаны айналып, ойындар ойнады. Балақайлар да әр ойынға белсене қатысты.

Ұл-қыздарына ерекше қуаныш сыйлағаны үшін ата-аналар да дән риза.

Мереке соңында әр балаға сыйлықтар берілді

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»