ӘСКЕРИЛЕР БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Жаңа жыл мерекесі алдында жылдағы дәстүрмен «Аялаған алақан» қайырымыдылық қорымен бірге балаларға қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды.

Оған қаламыздағы дамуында ерекше сұранысқа ие балалармен жұмыс жасайтын үш мектептің 30 тәрбиеленушісі шақырылды.
Басқарма бастығы, полковник Руслан Ниетәлиев балғындарды мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі.
– Қолдан келгенше балаларға қуанышты мереке сыйлауды мақсат еттік. Бұл біздің басқармада дәстүрге айналған қайырымдылық шара. Жыл сайын «ИНТЕКССТРОЙ» ЖШС бізді қолдап, демеушілік көрсетіп келеді. Балақайлардың жүздері бал-бұл жанып, мерекені сезініп жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Олар – біздің болашағымыз. Сондықтан, балғын шақтарының әр күні мерекелі болуы тиіс. Лайым сауығып кетулеріне тілекшіміз – дейді Руслан Шәріпұлы.
Мерекеда басқарма қызметкерлері түрлі ертегі кейіпкерлері бейнесінде шығып, балалармен шыршаны айналып, ойындар ойнады. Балақайлар да әр ойынға белсене қатысты.
Ұл-қыздарына ерекше қуаныш сыйлағаны үшін ата-аналар да дән риза.
Мереке соңында әр балаға сыйлықтар берілді
Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу