8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2018 2351 0
Спорт

Әсия АМАНБАЕВА: «160 спортшы мен 69 жаттықтырушыға қаржылай жабдықталым төленеді»

Мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі – спорттың бұқаралық сипатын дамыту. Бұл орайда мемлекет басшысы 2020 жылға дейін Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтты. Саланы дамыту, спортқа белсенді азаматтарды қолдау мақсатында өңірде толайым жұмыстар атқарылуда және нәтижесіз емес. Соңғы жылдары жерлестеріміздің әлемдік додаларда топ жарып, көк туымызды биікке көтеріп жүргені соның айқын айғағы. Бұл туралы және бұқаралық спортты дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева айтып берді.

– Әсия Рахымқызы, облыстың спорт саласын басқарғаныңызға бір жылдай уақыт өтіпті. Әрине, бұл салада тәжірибеңіз мол екенін білеміз. Дегенмен, алғаш департаментке басшы болып келгенде алдыңызға қандай міндеттер қойып едіңіз. Сол мақсаттарыңыз бүгінде орындалды ма?

– Басты мақсатым спорт саласына қатысты келеңсіз оқиғалардың нәтижесінде жергілікті қоғамда қалыптаса бастаған көзқарасты өзгерту, спортқа деген құрмет пен сенімді нығайту болды. Осы орайда облыс құрама командаларының іссапарға уақытылы шығуын реттеу және облыс жарыстарын жоғары деңгейде өткізу үшін іс-шаралардың регламенттерін бекіттім. Бұл уақытылы және орынды деген пікірмен оңды баға ретінде қабылданды. Себебі регламенттік кестеге дейін әр жаттықтырушы жарысқа қатысып немесе қатыспайтынын білмеуші еді. Шараларды өткізу регламенттерін бекіткен соң жаттықтырушылар бір ай бұрын жарысқа шығу туралы мәлімдемелерін ұсынатын болды. Мәлімдеме 15 күн ішінде қаралып, уақытылы жауап беріледі.

Қазіргі уақытта барлық спорт түрлерін саралау нәтижесі бойынша 2018 жылға әрқайсысы қаржыландырылды. Облысымызда бұл алғаш рет қолға алынып отыр. Спорт түрлері бойынша жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынысымен әрқайсысына бөлінген қаржы көлемінде күнтізбелік жоспарлары бекітілді және сол жоспар бойынша жұмыс жасалады.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында басқарманың ресми интернет-ресурсында «іссапарлар» бөлімі ашылды. Мұнда барлық шараларға қатысатын спортшылар жөнінде толық ақпарат орналасқан. Оған қоса басқарма қарамағындағы барлық ұйымдарда ата-аналар комитеті құрылды. Комитет төрағаларынан басқарманың ата-аналар комитеті жасақталды. Олар іссапарға бөлінген қаржының балаларға қалай жеткенін бақылап отырады. Әрине, бұл алға қойған мақсатты жұмыстардың бір бөлігі ғана. Аса маңызды мақсат – халықты спортқа тарту, спортпен айналысуға мүмкіндік жасау және жоғары жетістіктер спортын дамыту. Бұл орайда жұмыстар жасалуда.

– 2017 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда қоржынымызды медальдарға толтырды. Өткен жыл бойынша саладағы қандай игі жаңалықтарды атап өтер едіңіз?

– Батыс Қазақстан облысында талантты спортшылар көп. 2017 жылы олар ресми республикалық және халықаралық жарыстардан 612 медаль ұтып алды. Соның 178-і алтын, 186-сы күміс, 248-і қола.

Өздеріңіз білесіздер, былтыр 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада шорт-трекшілеріміз өте жақсы өнер көрсетті. Нұрберген Жұмағазиев қола медаль алса, Абзал Әжіғалиев – күміс, қола медаль ұтып, екі жүлдені қоржынға салды. Анита Нагай да қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ ол шорт-тректен 8-ші қысқы Азия ойындарында қола жүлдені ұтып алды. Георгий Шейко спорттық жүрістен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Лиана Көшкеева таэквондодан кадеттер арасында Азия чемпионатының жеңімпазы, Сайлан Матылов тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Гүлдана Әлмұханбетова дзюдодан Ислам ынтымақтастық елдері ойындарының қола жүлдегері, Кенжеқыз Қаупенова қол күресінен жастар арасында Әлем чемпионы, Андрей Ергучев мен Алексей Дергунов байдарка мен каноэ есуден Азия чемпиондары болды. Олар – Ақ Жайық жерінің ғана емес, Әлемдік бәсекелерде елімізді танытып жүрген біздің мақтаныштарымыз.

– Дұрыс айтасыз. Спорттағы жұлдыздарымызбен барша қазақ елі мақтанады деп ойлаймын. Бұған дейін осындай айтулы додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларды ынталандыру мақсатында арнайы гранттар тағайындалатынын айтқан едіңіз. Бұл мәселе қазір қандай деңгейде?

– Иә, 2017 жылдың 7 тамызы күні №211 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес 2017 жылдың қараша, желтоқсан айларынан бастап 38 үздік спортшы ақшалай жабдықталым алуда. Ал биылғы жылдан бастап 160 спортшыға және 69 жаттықтырушыға ақшалай жабдықталым төленеді. Қолдау шаралары мұнымен шектелген жоқ. 2017 жылдың жаңа оқу жылында облыс әкімінің оқу гранттары тағайындалғанын білесіздер. Бүгінде облыс әкімінің грантын иеленген 13 спортшымыз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде оқып жүр.

– Елбасы алға қойған міндеттердің бірі – 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту. Бұл ретте өңірде қандай жұмыстар қолға алынды?

– Салада атқарылып жатқан жұмыстардың, өткізілген шаралардың барлығы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні өңірде дене шынықтырумен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 175 245 адам. Ол облыс халқының 27,1 пайызы. 2016 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданушылар саны 0,4 пайызға өсіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2017 жылы 136 633 адамның қатысуымен 2 665 іс-шара ұйымдастырылды. Оның 23-і республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар.

Бұл ретте орта білім беру ұяларындағы секциялардың рөлін ерекше атап кетейін. Қазір облыс аумағындағы 380 мектепте 97 792 оқушы білім алады. Бүгінде бұл мектептерде әр түрлі бағыттағы 1 948 спорттық секциялар жұмыс жасауда. Жалпы оқушылардың 36,7 пайызы, яғни 35 870 оқушы сол секцияларға тұрақты түрде қатысады. Ал арнаулы орта білім беретін 38 колледжде 493 спорттық секция жұмыс жасайды. Колледждің спорттық секцияларында 9 848 студент спортпен айналысады.

2017 жылы өңірімізде 100 047 адам президенттік сынама тапсырды. Олардың ішінде қысқы спорт түрлері бойынша 44 049, жазғы спорт түрлеріне 55 998 адам тартылды. Бұл саланың қысқы түріне президенттік дайындық деңгейдегі нормативтерді 1 001 азамат орындады. Ұлттық дайындық деңгейдегі нормативтерге 2 787 азамат қол жеткізді. Сол секілді жазғы спорт түрлері бойынша 2 624 адам президенттік дайындық деңгейдегі нормативтерді, ұлттық дайындық деңгейдегі нормативтерді 5 606 адам орындады.

– Бұқараны спортқа тарту үшін спорттық құрылымдардың жай-күйі маңызды деп білеміз. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы спорттық инфрақұрылымдардың жағдайы қандай? Жасөспірімдер үшін жаттығу орындары жеткілікті ме?

– Дұрыс айтасыз. Өкінішке орай, спорттық нысандарды жеткілікті дей алмаймын. Қазіргі таңда облыс бойынша спорттық ғимараттардың саны 1 567 бірлікті құрайды. Соның үшеуі стадион, біреуі спорт сарайы. 13 спорт кешені, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 101 ату тирі, 3 хоккей қорабшасы бар. Сондай-ақ 984 жаздық ғимараттар, 20 теннис корты, 6 жүзу бассейні, 275 спорт зал, 151 жапсарлас салынған спорт зал бар. Өткен жылы қыркүйек айында ҚПО б.в. компаниясының есебінен Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Желтоқсан айында жергілікті бюджет есебінен Зеленов ауданы Переметный ауылында 160 орынға есептелген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 2017 жылдың алғашқы айларынан бастап аудандарда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен 24 спорттық алаң, ал Орал қаласында «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Street Workout» Қазақстан ассоциациясы есебінен 10 спорттық алаң салынып, пайдалануға берілді. Осылайша, ғимараттарды мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында арттыруға көңіл бөліп отырмыз. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жоспарланған жобалардың тізіміне алты спорт объектісі еніп отыр. Соның ішінде Ақжайық ауданының Чапай ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасының тұжырымдамасы мен келісімшарты және конкурстық құжаттамалары дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

– Өткен жылы спорт саласында ірі құрылыс басталды. Бұл көптен күткен – дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт интернатының жаңа ғимараты. Қазір құрылыстың қарқыны қалай жүруде? Шәкірттер биыл жаңа қонысқа көше ме?

– Иә, бұл бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселе болатын. Өйткені, қазіргі ғимаратты мектеп-интернат 2007 жылдан жалға алып келеді. Аумағы 3 329 шаршы метр болатын орынжайда жаттығу залдары жоқ. Сол себепті балаларды жаттықтыру үшін қаладағы спорт залдарға тасымалдауға мәжбүр болдық. Ал жаңа ғимарат салуды облыс әкімдігі, халық қалаулылары, қоғамдық кеңес мүшелері толық қолдап, өткен жылы Деркөл елдімекенінен құрылыс басталды. Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернаты құрылысының жалпы құны 1 млрд. 312 млн. 600 мың теңгені құрайды. Күні бүгінге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 220 млн. теңгенің жұмысы жүзеге асырылып, қаражаттың шектеулі болуына байланысты құрылыс консервацияға қойылды. Өз кезегінде аталған ауқымды құрылысты аяқтау мақсатында республикалық бюджеттен қалған қаражатты бөлу туралы тиісті өтінім жасақталып, уәкілетті органға ұсынылды. Осыған орай, тиісті қаржы уақытылы бөлінген жағдайда облыстық мектеп интернатының құрылысы биыл аяқталады деген үміттеміз.

– Мәселенің оң шешілуіне біз де тілекшіміз. Енді спортқа белсенді, алайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатындағы жұмыстар туралы айтып берсеңіз.

– 2016 жылы «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ашылған болатын. Бұл клуб қажетті спорттық киімдермен, құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұған қоса арбаға таңылған жандарды жаттығуға тасымалдау үшін арнайы көлік алдық. Қазіргі таңда спорт клубында 13 спорт түрі жұмыс жасайды. 10 жаттықтырушы бар.

Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 178 спортшы жаттығады. Олардың 11-і 2017 жылы ұлттық құрамаға енгенін қуанышпен атағым келеді. Биылғы жылы 19-ы ұлттық құрамға кіріп отыр. Спортшылардың екеуі – халықаралық дәрежедегі кәсіби шеберлер болса, бесеуі – үміткер.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың залдар мен алаңдарда жаттығу жүргізуіне жағдай бар. Мәселен, жеңіл атлетика бойынша Атоян атындағы стадионда, волейбол, дзюдо, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, арбадағы биден «Зенит» мәдениет үйінде, үстел теннисінен №1 Олимпиада резервтары мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің үстел теннисі залында, бадминтон бойынша «Нафта» сауда үйінде, пауэрлифтингтен «Ақжайық» футбол клубында, грек-рим күресі бойынша «Жастар» мәдениет үйінде, садақ атудан №9 орта мектеп пен облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебіндегі садақ ату алаңында, жүзуден «Жайық самал» бассейнінде тегін жаттыға алады.

Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды ынталандыру мақсатында өткен жылы бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде пауэрлифтинг және қол күресінен БҚО чемпионаты, отырып ойнау волейболынан облыс чемпионаты, республикалық «Жұлдызай Спартакиадасының» іріктеу кезеңі, жеңіл атлетикадан, армрестлингтен балаларды қорғау күніне орай облыстық турнир болды. «Экспо – 2017» халықаралық көрмесіне орай үстел теннисі, шахмат, дойбы, гір тасын көтеру, қол күресінен мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында турнир өтті. Сондай-ақ Астана күніне орай шағын футболдан, қол күресінен және «Мейірбандылық» айлығы аясында үстел теннисі, классикалық волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, нысана көздеу, шағын футболдан қалалық турнир мәреге жетті. Қаламыздың күніне қол күресінен, шағын футболдан, үстел теннисінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында турнир, параволейболдан «Әкімнің ашық Кубогы» ұйымдастырылды.

– Облысымызда ат спортының дамуына неліктен көңіл бөлінбей отыр?

– Тап бұлай кесіп айтуға болмас. Мүмкіндігінше жұмыстар жасалуда. Ұлттық ойын түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 5 спорт түрінен 411 спортшы, 17 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Мектепте бұрын екі бөлім ғана болса, 2016 жылдан бастап қосымша үш бөлім ашылды. Олар – асық ату, жамбы ату, жекпе-жек бөлімдері. Осыған байланысты мектебімізде бапкерлер мен спортшылар көбейді.

2014 жылы жергілікті қазына есебінен Ұлттық спорт түрлері бойынша аталмыш мектепке арнайы қазақ күресімен айналысатын спорт зал және қыс мезгілінде ат спортымен айналысуға, атпен серуендеуге арналған жабық манеж салынды. Бұрын мектепте жылқыларды тасымалдайтын жүк көлігінің жоқтығына байланысты көптеген жарыстарға шығу қиындық туғызған еді. Өткен жылы бұл мәселе шешілді. Жергілікті қаражат есебінен тіркемесімен «КамАЗ» жүк көлігі алынды. Оған қоса, 2017 жылдың желтоқсан айында бес жылқы алдық. Аттарымыздың сапасына қарай санында көбейтудеміз. Бұл саладағы жарқын істерді алдағы уақытта көресіздер деп ойлаймын. Десек те қазірдің өзінде мақтанарлық жетістігіміз бар. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында жыл сайын «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «Алтын тұғыр» үздіктерді марапаттау рәсімінде жерлесіміз Нармағанбет Иманғазыұлы аударыспақтан «Алтын тұғыр» иегері атанды. Бұл марапатқа Батыс Қазақстан облысының спорт тарихында тұңғыш рет қол жеткізіп отырмыз.

Ат спортының, жалпы ұлттық спорт түрлерін дамытуға биыл ерекше көңіл бөлінетінін айтқым келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылға ұлттық спорт түрлері бойынша 30-ға жуық іс-шара жоспарланып отыр.

– Сөз соңында биылғы жылдың жоспарымен бөліссеңіз. Ұлттық спорт түрлерінен басқа қандай ірі шаралар жоспарызда тұр.

– Халықты спортқа тарту мақсатында 2018 жылы Орал қаласында «Жастар» стадионын допты хоккейден Қазақстан мен Финляндия ұлттық құрама командаларының достастық кездесуі өтпек. «Жастар» стадионында қазір ҚПО б.в. компаниясының қолдауымен +10 градусқа дейін төзімді мұз айдыны жасақталуда. Жолдастық кездесу осы айдынның қолданысқа берілуіне байланысты жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ел Президентінің жүлдесі үшін VI халық спорты ойындарының және ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарының облыстық кезеңін ұйымдастырамыз. Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир, Президенттік көпсайыстан А.Коровинді еске алуға арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты, бұған қоса елімізге еңбегі сіңген спорт шебері, аяулы ағамыз Асқар Шайхиевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасында Халықаралық турнир өтпек. Балалар және ересектер арасында каратэдан (WKC) үлкен байқау болмақ. Дәл осындай республикалық чемпионаттар ​– каратэ-додан (WKF), шорт-тректен, ауыр атлетикадан, ересектердің қатысуымен тоғызқұмалақтан өтеді деп жоспарлануда. Ауқымды шараларымыздың бір бөлшегі осы. Бұдан өзге дәстүрлі спартакиадалар, турнирлер, даталы шаралар өз кезегімен өтетін болады.

– Әсия Рахымқызы, әңгімеңізге көп рахмет. Биыл да спорт саласы жағымды жаңалықтарға толы болады деген сенімдеміз. Пхенчанда өтетін олимпиада ойындарында жерлестердің жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз.

Сұқбаттасқан Эльмира Нұғманова

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
26 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
243 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
736 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1113 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1052 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1474 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2091 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2258 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2264 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2313 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2319 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1966 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2798 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2851 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2847 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3457 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3429 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3415 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3393 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3603 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»