8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2021 3301 0
Өзек

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН БҰЗҒАН ТОЙХАНАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҚТАЛУДА

Облыстық жедел штабтың тапсырмасына сәйкес, мониторингтік топтар Орал қаласында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін рейдтік жұмыстарды күшейтті.

Орал қаласы бойынша 8 мониторингтік топ өткен демалыс күндері 36 нысанды тексерді. Олар кафе-мейрамханаларға тұтынушыларды «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізу, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты талаптардың орындалуын қарап, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Рейдтік жұмыстар барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 8 дерегі анықталды. «Динар», «Альбина+» тойханаларында үйлену тойы өтсе, «Алтын сақа», «Тенгри», «Марсель», «Жайық», «Жеті қазына», «Аделия» мейрамханаларында салтанатты іс-шаралар оздырылып жатқаны белгілі болды. Құзырлы органдар карантин талаптарын бұзған тұлғаларды тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жинақтауда.

Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен, бірқатар шектеулер әлі де сақталған. Соған қарамастан санитарлық талаптарды орындамайтындар әлі де бар. Топ мүшелері жыл басынан бері 190 бұзушылықты анықтады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»