«ШАҢЫРАҚ» ҮЙІНЕ ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Медициналық масканың тапшылығына байланысты оралдық көпбалалы аналар үйден жеке қорғану құралдарын дайындауды бастады.

Бүгін «Тұғырым» қоғамдық бірлестігі мен Орал қаласы жастар ресурстық орталығының еріктілері бірнеше мәрте қолдануға болатын қорғану құралдарын «Шаңырақ жасөспірімдер үйінің тұрғындарына тегін таратты.
Ресурстық орталықтың бөлім басшысы Дулат Жүсіпқалиевтің мәліметінше, көпбалалы аналар бір күн ішінде 350 дана бетперде дайындаған.
– Елдегі жарияланған төтенше жағдайға орай Президентіміздің үндеуінде айтылған коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын күшейту жөніндегі тапсырманы оралдық волонтерлар ықыласпен орындауда. Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиын. Осындай қиын кезеңде белсенді көпбалалы аналар халықпен бірге болып, пайдалы іске жұмылып, қорғану құралын тігуде, – дейді Дулат Жүсіпқалиев.
Айта кетейік, жасөспірімдер үйіне бетперделермен қатар антисептиктер үлестірілді.
Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының волонтерлері көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне арнайы барып, жеке қорғану құралдарын таратпақ.


Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу