ШАҢҒЫ ТЕУІП ШЫҢДАЛДЫ
Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында. Нақ сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Салауатты өмір салтын жеке құрам арасында насихаттауды басты бағдар ұстанған «Динамо» қоғамы мен қалалық басқарма бірнеше жарыстар, спартакиадалар ұйымдастырып келеді. Осы сөзіміздің дәлеліндей, 22 ақпанда Орал қаласындағы «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының шаңғы базасында шаңғымен сырғанаудан жарыс өтті. Бұл күні ауа-райы да аяғына шаңғы байлаған спортшыларға өз сыйын арнап, аянып қалмады. Ертемен спортшылар ентелей базаға жетті, аяқтарына шақтап майланып-сайланып сымдай тізілген шаңғыларды байлады. Жүлдегер атағын жеңіп алуға ынталанған Орал қ.ПБ құрылымдық бөлімшелерінен жасақталған, мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің командалары, өзге де командалар, барлығы 6 команда қатысты. Әр команданың құрамында 5 спортшыдан болды.
Шаңғыдан жарыс басталды. Жеке құрам арасында спортты насихаттау, тәртіп сақшыларының дене шынықтыруға ден қойып, қызметпен қатар спортты да бірге алып жүрулерін насихаттауға арналған жарыста әр команда жарысып бақты. Ерекше қызығушылық танытып, жеңіске ұмтылыстарын байқатты. Бұл күні төңіректегі үй тұрғындары мен қалалықтар базаға жиналып қар үстімен зулаған спортшылардың шеберліктерін тамашалады. Әсіресе, жарыс барысында Орал қ.ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкинова, басқарманың инспекторы, полиция майоры Айдын Есполов, жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Анаргүл Рахметқали және Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальонының екі қызметкері белсенділік танытты. Орал қ.ІІБ қызметкері А.Рахметқали 2 километр 500 метр қашықтықты еңсеріп, үздік көрсеткішке ие болды.
Жас маман, талапшыл спортшы Анаргүл қарсыластарынан басым болып, жеңімпаз атанып, екінші орынмен марапатталды. Басқарма командалық есеппен де екінші орын иеленді.
Басым командалар мен жекелей сындағылардың барлығына «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамының атынан бағалы сыйлықтар мен грамоталар тапсырылды.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу