8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Шілде 2019 2776 0
Қалалықтар қаперіне

ҮШ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз мәлихатында облыстық құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиев биыл БҚО-да үш мектептің құрылысы жүргізілетінін мәлім етті.

Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы апатты мектептің орнына 100 орындық мектеп интернатымен 300 орынға арналған мектеп салынуда. Құрылыс мердігері – «Алтим» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 1356.7 млн. теңге. Нысан 2020 жылы тапсырылады.
Ал Қазталов ауданындағы Алма Оразбаева мектебінің орнына 600 орынға есептелген білім ұясы бой көтереді. Оған 2349,2 млн. теңге бөлінбек. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Сондай-ақ Орал қаласында үш ауысымды мектептер мәселесін жою мақсатымен 900 орынға арналған жаңа мектеп салынады. Бұл құрылысты «Нұркапстройгаз» ЖШС жүргізеді. Жобаға 1 731,2 млн.теңге бағытталуда. Нысан келесі жылы тапсырылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
132 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»