8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2022 2389 0
Жалын

«Үш би командасы» жүлдегер атанды!

IMG_0487

Осы қазан айының 22- сі күні Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің негіздерін білуге арналған онлайн олимпиада өткізілген болатын. Үш турдан тұратын олимпиадаға Республикамыздың барлық аймақтарынан 30 жуық жоғарғы оқу орны мен соның ішінде 20 мемлекеттік жоғарғы оқу орындарынан 25 команда қазақ және орыс тілінде қатынасты. Тақырыпқа сай, студент жастарды патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу, ҚР Конституциямыздың негіздері туралы білімдерін тереңдету мақсатын көздеген олимпиадада студент жастар 3 тур бойынша, яғни 1-ші турда ҚР 1995 жылғы Конституциясын қабылдаудың мақсаты мен міндеттері, 2-ші турда ҚР Конституциямызға сәйкес еліміздегі отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-ана құқықтары мен міндеттері, 3-ші турда мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірде пайдаланудың проблемалары мен шешу жолдары туралы жаңашыл тәсілдер мен өз ұсыныстарын, ойларын ортаға салды. Олар берілген тақырыпты қызу талқылады. Аталған додаға Орал қаласындағы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 ші курс студенттері Абатова Анель, Маратов Ислам, Мұқатай Талиға «Үш би» командасы құрамында өз өнерлерін көрсетсе, орыс тобынан «Правозащитники» командасы болып 2 курс студентері Грищенко Татьяна, Кирилова Юлия, Зинкин Александр, Сариев Адиль қатынасты. Ұйымдастырушы оқу орнының ғалымдары мен тәрбие бөлімінің мамандарынан құралған әділ-қазылар алқасы «Үш би» командасын жоғары бағалап, жүлделі 1-ші орынға лайық деп шешті. Орыс топтары арасында «Правозащитники» командасы 3орынды қанжығалы на байлады. Азулы командалар арасынан үздік атану студенттеріміздің мықты білімі мен ойларының ұшқырлығы деп есептейміз. Болашақтарынан зор үміт күттіретін, жалынды студент жастарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
«КазИИТУ» білім-ғылым кешені.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»