СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ

Думан ҒАЗЕЗ, «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Елбасы Жолдауларында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жайы айтылған. Осы бағыттағы іс-шаралардың жүзеге асуына партия ұйытқы болып келеді. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған 104 шақырымдық Орал-Тасқала-Ресей күре жолының құрылысы аяқталып, Елбасы ресми түрде ашып берген болатын. Жылдар бойы жол машақатын тартып келген Бәйтерек пен Тасқала аудандары тұрғындарының ризашылығын Мемлекет басшысына жеткіздім. Бұл жұмыстар «Нұр Отан» партиясының тікелей бақылауымен жүзеге асты. Партияның қолдауымен 100 спорт алаңын салу жобасы жүзеге аса бастады. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Тасқала ауданына соңғы үш жылда 160-тан астам жас маман келді. Осылайша ауылдағы білімді жастардың қатары артты. Бұл жастардың қалаға қоныс аударуын біршама төмендетті. Партияның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында қарастырылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы осы жұмыстардың одан әрі жетіле түсуіне ықпал етеді. Съезд барысында Елбасы «Құтты мекен» партиялық жобасын жолға қоюды тапсырды. Бұл партия жұмысының маңызды бағытына айналуы тиіс. Бүкіл елді таза ауыз сумен қамту, аумақты газдандыру шаралары партияның бақылауында. «Нұр Отан» партиясы тұрғындар мен жергілікті биліктің арасындағы көпірге айналды. Өткен жылы аудандық филиал 153 қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Халықтан 215 өтініш түссе, оның жартысынан көбі толық шешімін тапты. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіру мақсатында шалғай елдімекендерге барып, қоғамдық қабылдау өткіздік. Қоғамдық қабылдаулар «бірыңғай әлеуметтік терезеге» айналуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бүгінде білікті азаматтардан құралған партияның жаңа форматтағы кадрлық резервін жасақтадық. Нәтижесінде республика бойынша 10 260 партия мүшесі кадрлық резервке алынды. Резерв жасақтау биыл да жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу