8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Сәуір 2021 1715 0
Қоғам

СЕНБІЛІККЕ 3500-ДЕН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ АТСАЛЫСТЫ

Бүгін Оралда сенбілік өтті. Тазалық шарасына 3500-ден аса тұрғын қатысты. Бұл өткен аптадан үш есеге  көп. Яғни, шаһар тазалығына атсалысуға белсенділік танытқандар қатары артып келеді. 

Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес жарияланған санитарлық-экологиялық айлықтың екінші аптасы өтуде. Бүгінгі  сенбілікте әр мекеме ұжымдары және тұрғындар шығып, өздеріне тиесілі аумақтарды, өз көшелерін тазартып,  қала көркін қалыпқа келтіруге өз үлестерін қосты.

Көпке  үлгі  болған  «Жұлдыз» шағынауданы тұрғындарының белсенділігін ерекше  атап өту қажет. Шағынауданның белсендісі Жанна Жанғалиеваның ұйымдастыруымен жұлдыздық үлкен-кіші аудандағы қоғамдық орындарды – аялдамалар маңын, балабақша алаңын және ықшамаудандағы көшелерді толықтай тазалап шықты.

– Өзіміз тұратын ауданның тазалығына өзіміз жауаптымыз. Тұрғындарымыз ұйымшыл. Қоғамдық жұмыстарға белсенді. Жұлдыздықтарды біріктіруде whatsApp-тан топ аштым. Алты жылдан бері басты мәселелерімізді сол чатта талқылап, одан кейін құзырлы мекемелерге жеткізіп келемін. Бүгінгі  сенбілікте әр көшенің  тұрғындары өз көшелерін тазалауға шықты. Одан бөлек қоғамдық орындарды тазалауға 30 шақты адам жұмылды. Жалпы төрт сағатқа жалғасты. «Жайық таза қала» мекемесінің  басшысы Ринат Нұрғалиев өзі хабарласып, біз жинаған қоқыс-қалдықтарды арнайы көліктерімен тиеп алып кетті, – деген Жанна алдағы уақытта да аудандағы сенбілік жалғасатынын айтты.

Қала бойынша сенбілікке 3500-ден аса тұрғын қатысқан. Тазалық шарасына арнайы 47 техникалық көлік жұмылдырылып, 2800 текше метр көлемдегі күл-қоқыс полигонға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында 115  түп ағаш әктелді.

Қала әкімдігі  тарапынан 872 бизнес нысанға, 62  мемлекеттік мекемеге сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде  арнайы хабарламалар таратылған.

Еске сала кетейік, санитарлық-экологиялық тазалық айлығы 1 маусымға дейін жалғасады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»