СЕНБІЛІККЕ 3500-ДЕН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ АТСАЛЫСТЫ
Бүгін Оралда сенбілік өтті. Тазалық шарасына 3500-ден аса тұрғын қатысты. Бұл өткен аптадан үш есеге көп. Яғни, шаһар тазалығына атсалысуға белсенділік танытқандар қатары артып келеді.
Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес жарияланған санитарлық-экологиялық айлықтың екінші аптасы өтуде. Бүгінгі сенбілікте әр мекеме ұжымдары және тұрғындар шығып, өздеріне тиесілі аумақтарды, өз көшелерін тазартып, қала көркін қалыпқа келтіруге өз үлестерін қосты.
Көпке үлгі болған «Жұлдыз» шағынауданы тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту қажет. Шағынауданның белсендісі Жанна Жанғалиеваның ұйымдастыруымен жұлдыздық үлкен-кіші аудандағы қоғамдық орындарды – аялдамалар маңын, балабақша алаңын және ықшамаудандағы көшелерді толықтай тазалап шықты.
– Өзіміз тұратын ауданның тазалығына өзіміз жауаптымыз. Тұрғындарымыз ұйымшыл. Қоғамдық жұмыстарға белсенді. Жұлдыздықтарды біріктіруде whatsApp-тан топ аштым. Алты жылдан бері басты мәселелерімізді сол чатта талқылап, одан кейін құзырлы мекемелерге жеткізіп келемін. Бүгінгі сенбілікте әр көшенің тұрғындары өз көшелерін тазалауға шықты. Одан бөлек қоғамдық орындарды тазалауға 30 шақты адам жұмылды. Жалпы төрт сағатқа жалғасты. «Жайық таза қала» мекемесінің басшысы Ринат Нұрғалиев өзі хабарласып, біз жинаған қоқыс-қалдықтарды арнайы көліктерімен тиеп алып кетті, – деген Жанна алдағы уақытта да аудандағы сенбілік жалғасатынын айтты.
Қала бойынша сенбілікке 3500-ден аса тұрғын қатысқан. Тазалық шарасына арнайы 47 техникалық көлік жұмылдырылып, 2800 текше метр көлемдегі күл-қоқыс полигонға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында 115 түп ағаш әктелді.
Қала әкімдігі тарапынан 872 бизнес нысанға, 62 мемлекеттік мекемеге сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде арнайы хабарламалар таратылған.
Еске сала кетейік, санитарлық-экологиялық тазалық айлығы 1 маусымға дейін жалғасады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу