СЕНБІЛІК ЖАРИЯЛАНДЫ
2 наурыз күні Орал қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Бүгін қала әкімінің орынбасары Сергей Доля брифинг өткізіп, БАҚ өкілдері арқылы қала тұрғындарын, ірі кәсіпорындар мен барлық меншік түріндегі ұйымдар мен бизнес нысандардың иелерін қар тазалау шарасына белсене қатысуға шақырды.

Жауын-шашынның көп түсуі коммуналдық сала қызметкерлеріне дес берер емес. Сол себепті көктем кезінде еріген қар суынан келетін қауіптің алдын алу үшін қар шығару жұмысына әр қалалық қатысуы тиіс.
Бүгінге дейін «Жайық таза қала» ЖШС 760 мың текше метрден астам қар шығарған. Мекеме тәулік бойы жұмыстануда. Сергей Доля атап өткендей, шаһар бойынша су басу қаупі бар 35 аумақ бар. Аталмыш мекеме жұмысшылары мен бар техникаларын бірінші кезекте осы аумақтардағы қарды тазалауға жұмылдыруда. Жалпы 40-тан астам тиегіш пен 100 шақты жүк көлігі бар.
– Абаттандыру ережесіне сәйкес барлық мекеме-кәсіпорындар өз аумақтарының тазалығын қамтамасыз етуі тиіс. Биылғы қыста қардың жамылғысы қалың. Осы аптада да жауын-шашын мөлшері көп. Сондықтан сенбілік жарялап отырмыз. Барлық мектеп, медициналық ұйымдар сынды әлеуметтік нысандар өздеріне тиесілі аумақтың қарын тазалауы керек. Жиналған қарды «Жайық таза қала» ЖШС шығарады. Ал сауда үйлері, зауыттар, тағы да басқа кәсіпкерлік нысандары аумақтарын өздері тазалап, өздері шығарады. ПИК-тер сенбі күні қолдарына құралдарын алып, ауланы, шатырдағы қарды, мұзды тазалауы тиіс. Бұл іске тұрғындарды да белсене қатысуға шақырамын, – деді Сергей Евгеньевич.
Бүгінде Асан карьері қарға толық. Енді қала әкімдігі қар төгу үшін екі орынды белгілеп отыр. Олар – «Балауса» және «Деркөл» шағынаудандарында орналасқан. Ал әлеуметтік нысандар қар шығару туралы «Жайық таза қала» ЖШС-ға 51-85-55 нөмірі арқылы тапсырыс берулеріне болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу