Сенат төрағасы Жайықтағы ауқымды істерді жоғары бағалады
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарымен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Батыс Қазақстан облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарымен төрағалары, зиялы қауым, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблея өкілдері, әкімдік мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуда республикалық деңгейде шешілуі қажетті өзекті мәселелер және жалпы қоғамға қатысты заңнамалық актілер қабылдау немесе өзгерістер енгізу туралы сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
– Парламент Сенаты – мемлекетіміздің заңнамалық негізін қалыптастыратын басты институт. Сенаттың қолдауымен қабылданған заңдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлердің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің тұрақты дамуы үшін бірқатар маңызды мәселелер көтеріп, өңірлердің өркендеуіне айрықша мән беруде. Оның ішінде: жаңа экономикалық саясат, инвестиция тарту, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, өңірлерді дамыту және аймақтардағы инфрақұрылымды жаңғырту, экологиялық мәселелерді шешу, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы тапсырмалары бар. Президент халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды басты мақсат ретінде белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл мақсат-міндеттер Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр,- деді өңір басшысы Н. Төреғалиев өз баяндамасында.
Жиында бірнеше жылдар бойы айтылып келе жатқан киіктер мәселесі қозғалды. Занның жобасы Парламентке енгізілген, сол себепті осы мәселелерді қамтитын заң қабылдануына ықпал ету керек деген ұсыныстар болды.
Сонымен қатар, өңірге жаңадан инвестиция тарту, жаңа технологиялар енгізу, кәсіпорындар ашу және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша мәселелер де қарастырылды.
Жиын соңында Сенат Төрағасы М.Әшімбаев БҚО бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, оң баға берді.
БҚО мәслихатының баспасөз қызметі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру