8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2019 1401 0
Қоғам

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ «СЫРЫМ» ӨТКІЗУ БЕКЕТІНДЕ БОЛДЫ

         ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы  Дариға Назарбаеваның өңірге іссапарында «Сырым» өткізу бекетінде болды.

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы «Сырым» өткізу бекетінде кезектің жиілеп кеткені  туралы талай айтылған болатын. Алайда шекарадағы алаңдатарлық ахуал  бүгінде оң шешімін тапқан.  Өткізу бекетін жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс құнына 1 миллиард 935 миллион теңге бөлінді. Жобаға сәйкес,  жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын 8 жолақты жол салынды. Нәтижесінде бекеттің өткізу мүмкіндігі екі есе артты.  Бұған дейін «Сырым» өткізу бекеті арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтсе,  енді бір күнде 7 мыңға дейін жүк және жеңіл көлігі шекарадан өтуге мүмкіндік туды. Жобаға сай мұнда демалыс алаңы, құжаттарды тексеру аймағы  салынды. Бекет аумағы толықтай абаттандырылып, қоршалып, тиісті жабдықтармен, бейнебақылау құралдарымен қамтамасыз етілген. «Сырым» өткізу бекетінің салтанатты ашылуы 29 қазанда болады деп жоспарланып отыр.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»