САУДА ҮЙІНЕН КОНФЕТ ҰРЛАҒАН (видео)
Жуықта Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі мен Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері дүкендерге ұрлыққа түсіп, сөрелерінен азық-түлік тауарларын ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Есмағұлова хабарлады.

12 сәуірде, тәуліктің екінші жартысында, сағат 16.00-де ол «Анвар» ірі сауда орнына кіріп, тамақ сатып алмақшы ниетпен аралап жүрген. Төңірегінде бейтаныс адамдар жоғына көзі жеткен соң, дүкен сөресіне қол жүгіртіп, керектерін курткасының ішкі жағына салып, толтырған. Әуелі «Мерси» маркалы конфеттерге көзі түсіп, қызыққан. Сатып алатын ақшасы жоқ болған соң, ептеп ұрламаққа бел шешкен. Бірнеше бума конфеттерді қойынына тоғыта салған. Сауда үйінің иесіне 8 230 теңге материалдық шығын келді. Бұл күдіктінің ұрлыққа жол берген әрекеттері СҮ ішіндегі бейнекамераға жазылып қалыпты. Бейнетаспа бойынша жұмыстанған жедел уәкілдер 1991 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, бұрын бірнеше рет құқық бұзған, қала тұрғыны Ч. есімді тұлғаны анықтады. Бейнетаспадан өзін, сөреден алған конфеттерді қойынына салып жатқанын көріп, мойындамасқа лажы қалмады. Алайда, ұрланған заттар бұл азаматтан табылмады, өз қажетіне жаратып үлгерген екен.
Осылайша, 4 рет ұрлыққа барған.
Бүгінгі күні ұрлыққа жол берген іс-әрекеті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 187-бабының 2-бөліміне сай, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, ұсақ-түйек жымқыру деп танылды.
Абай Пб 4 эпизодпен қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу