8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2019 2349 0
Қоғам

«САРҚЫТТАН» ДӘМ ТАТТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» дәстүрлі акциясы аясында бүгін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Сарқыт» шарасын өткізіп, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығын паналап жатқан жандарды тамақтандырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында берген тапсырмасы мен Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңына сәйкес елде қайырымдылықты дамытуға қолдау көрсетуде. 2015 жылдан басталған «Қайырымдылық керуені» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауы және Жастар жылы аясында «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен жалғасын табуда. Биыл ассамблеялықтар Қазақсан Республикасының мемлекеттік мерекелерін және ұлы даланың дәстүрлерін негізге ала отырып, қайырымдылық шараларының күнтізбесін жасады. Әр айда өткізілетін атаулы акциялар қайырымдылыққа мақсатты, жүйелі сипат береді. Қаңтар айы «Сарқыт» дәстүрімен айшықталмақ.

Сарқыт – тойдан, мейрамнан қалған тағамдарды әжелердің бөліп алып, үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деген ырыммен балаларға, келіндерге мол дастарханнан ауыз тигізу дәстүрі. Сарқыттың тәрбиелік мән зор. Бұл адал асты ысырап етпеуге, жақыныңмен бөлісуге үндейтін ұлы даланың дәстүрі.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Медғат Қамбетов пен орынбасары Жамал Ихсанова шараның маңыздылығын түсіндіріп, мекеме қызметкерлері орталықта тұрып жатқан жандарға ыстық тамақтар ұсынды.  Бұған қаладағы «Ақ сарай», «Керемет», «Айдана», «Мақсат», «Асанәлі», «Анашым» сынды мейрамханалар қолдау көрсеткен.

– Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі түрде қайырымдылық шарасына белсене атсалысады. Жылына екі мәрте «Қайырымдылық керуенін» мұқтаж жандарға, мүгедектерге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеткізіп келеміз. Биыл респубикалық акция аясында «Сарқыт» шарасы ұйымдастырылды. Бұдан кейін де күнтізбеге сай қазақ халқынының дәстүрлеріне байланысты  «Сыбаға», «Шашу», «Көрімдік», «Ерулік», «Асар» секілді акциялар өтетін болады, – деді Медғат Мұсаұлы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Құрманғали Байғаржановтың мәліметінше, қазір орталықта 60 азамат тұрып жатыр. Бұған қоса 40 адамның түнеуіне орын қаралған. Орталық мамандары паналаушылардың жеке төлқұжаттарын жасауға, мүгедектік туралы жәрдемақыларын рәсімдеуге көмек көрсетуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

           

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
421 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
503 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
505 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
542 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
557 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
927 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1052 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1363 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1371 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1502 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1798 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1896 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1920 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2132 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»