САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Орал қаласы әкімдігі 5 наурыздан бастап 16 мамырға дейін тазалық айлығын жариялады. Сәрсенбі күні қала басшысы Абат Шыныбеков шаһардағы кәсіпкерлік субъектілері мен мекеме-ұйым басшыларын және ПИК жетекшілерін жинап, қала бойынша жарияланған санитарлық тазалық айлығына белсене қатысуға шақырды.

– Көктемнің ерте шығуына байланысты тазалық шаралары ерте басталуда. Қаланың тұрғыны ретінде оның тазалығына әрқайсымыз жауаптымыз. Әр мекеме-ұйым өкілдері әкімдіктің ұсынысын оң қабылдап, сенбіліктерге атсалысады деп сенеміз. Жақын күндері – «Көрісу айт» және «Наурыз» мерекелері аталып өтіледі. Қос мейрамның қарсаңында әр мекеме ұжымы өз аумақтарын ретке келтіріп, әрлендіруі керек, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.
Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің баяндауынша, сенбілік 14, 28 наурыз, 4, 11, 18, 25 сәуір және 2, 16 мамырда өтеді. Алғашқы сенбілікте – аумақты жаппай тазалау жүргізілсе, 28 наурыз бен 4 сәуірдегі сенбіліктер – көшеттер отырғызу, 11, 18 сәуір – жаппай тазалық, 25 сәуір – тазалық, қасбеттерді сырлау мен әктеуге арналмақ. 2 мамырда – «Таза жағалау» акциясы өткізілсе, қорытынды сенбілікте – жаппай тазалық жүргізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу