Салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін 775 үй салынады, мемлекет есебінен қосымша 1500 пәтер сатып алынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT»партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Елді мекен Орал қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Су тасқыны кезінде аталған ауыл өзге елді мекендерге қарағанда көбірек зардап шекті – 481 отбасы баспанасынан айырылды.
– Барлық дүние-мүлік, төрт түлік су астына қалды. Үйді су басты. Біз көпбалалы отбасымыз. Алғашында бізге мектептегі эвакуациялық пункте төсек-орын берілді. Қазір баспана жалдап жатырмыз. Мемлекеттен материалдық көмек алдық. Енді тездетіп тұрғын үй алғым келеді, – деді жергілікті тұрғын Мариям Қайратқызы.
Бүгінде Теректі ауданында бір қабатты 131 үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үйдің жалпы ауданы – 80 шаршы метр. Подстепное ауылында 106 салынады. Бұл жұмысқа 10 мердігер компания жұмылдырылған. 670 үй иесі 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алды. 506 үй иесінің материалдық шығынының орнын толтырылды. Ауылда мектепті жөндеу жұмысыбасталды. Жол жөндеуге және бөгеттерді қалпына келтіруге бюджетке өтінім берілді.
– Депутаттар алғашқы күннен-ақ оқиғаорнынан табылды. Өз басым, зардап шеккен отбасылармен бірнеше рет кездестім, су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша әкімдіктермен бірге жұмыс істедім, бағалау комиссияларының жұмысына атсалыстым. Барлық мәселе Президент бақылауында болды. Қазір біздің басты мақсатымыз – зардап шеккен жадардың барынша тезірек байырғы өмірге оралуына жағдай жасау, үйлерді, жеке қосалқы шаруашылықтарды, әлеуметтік инфрақұрылымды, балабақшалармен ауруханаларды қалпына келтіру, – деді Нартай Сәрсенғалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары су тасқынына қарсы іс-қимыл жұмысына барынша атсалысу мақсатында зардап шеккен өңірлерге барған болатын. Халық қалаулылары тұрғындардың өтініш-тілегін құзырлы органдарға жеткізіп, қажетті ресурстарды жедел жұмылдыру жұмысынұйымдастырды.
Мәжілістің баспасөз қызметі 74-66-20, («AMANAT» партиясының материалдары бойынша)
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру