САЛТАНАТТЫ ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) отырысы өтті.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:
27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін (қызметіне қатысты карантиндік талаптар жеңілдетілген нысандар тізімі кестеде көрсетілген).
Салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар өткізу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар)
- Жасыл аймақта толтырылуы 50%-ке дейін, 100 орыннан артық емес;
- Сары аймақта толтырылуы 50%-ке дейін, 70 орыннан артық емес;
- Қызыл аймақта толтырылуы 50%-ке дейін 50 орыннан артық емес .
16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакцинациялаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).
Сондай-ақ Е. Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.
ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу