8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2024 3944 0
Ғылым

Салтанатты сәтке бөлеп жас жанды, мектептердің қоңырауы соғылды

Бүгін, 1- қыркүйек-Білім күніне орай Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияда «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиыны өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов барша шәкірттер мен мұғалімдерді құттықтап, сөз сөйледі.
-Құрметті, ата- аналар, ұстаздар, оқушылар Білім күні құтты болсын! Осы ретте облыстағы білім ұяларында 125 мыңнан астам оқушы мұғалімдер тарапынан дәріс алатын болса, 12 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп партасына отырады. Осынау айтулы мерекеде баршаңызға толағай табыс, жетістіктер тілеймін!-деді Бақытжан Хаберұлы. Бұдан соң аталмыш гимназияның директоры Әлия Қайыржанова:- Ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда білім сапасы қашан да маңызды. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін оқу құралы-«Әліппе» кітабы зейінін ашсын!-деді.
Одан әрі 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына «Әліппе» кітабын табыстап, өлең жолдары мен жүрекжарды тілектерін арнады.
Г. АЯЗБАЕВА
Бұл туралы «Жайық үні» газетінен оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»