Салтанатты қабылдау рәсімі өтті
Бүгін Орал қаласының әкімі «Қала күні» мерекесіне орай салтанатты қабылдау рәсімін өткізді.
Жиынға қаланың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, мерекенің қонақтары – Ресей федерациясының Орынбор қаласынан, Ел Ордадан және көршілес Атырау қаласынан келген делегациялар қатысты.
Салтанатты шарада сөйлеген Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Қазақстанның көне қалаларының бірі – Орал қаласының тарихы туралы баяндады:
«Бүгінде Орал – жасарып, көркейген жаңа заманның қаласы, теңдік пен татулықтың бесігі. Орал өңірін мекендеген барша халықты қала күнімен құттықтаймын! Алыстан арнайы мерекеге келген қонақтарға ризашылығымды білдіремін. Қаламыз өркендеп, көркейе берсін!». Шара барысында «Қаланың құрметті азаматы атағын беру» ережесіне сәйкес Орал қаласы әкімінің ұсынысымен, Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №18-3 шешімімен түрлі салада еңбек етіп қаламыздың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар тарихы — өлкетану ісінің ардагері Сара Танабаева, денсаулық сақтау саласының ардагері, Орал қаласында медицинаның дамуына үлес қосқан хирург Серік Хайрекешов, кәсіпкер, меценат, «Балзия» ЖШС директоры — қалада және одан да тыс жерлерде танымал кондитер бұйымдарын өндіруші Балзия Евенеева, педагогикалық еңбек ардагері Ерсайын Сапаровқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын қала әкімі Миржан Сатқанов табыстады.
Салтанатты қабылдаудан кейін қала әкімі және көршілес Ресей елінің Орынбор қаласынан келген делегация өкілдері Дина Нұрпейісова көшесінің бойындағы арбатта «Сапалы өнім» жергілікті тауар өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрмені аралады. «Сапалы өнім» жәрмеңкесіне 15 шақты кәсіпкерлердің — кондитерлік, сүт өнімдері, «Родник» суы, түрлі шұжықтары қойылды. Олардың барлығы да Орал қаласында өндірілетін отандық өнім. Қала әкімі кәсіпкерлерді мейраммен құттықтап, кәсіптеріне толайым табыс тіледі.
Гүлжан Аязбаева
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу