8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Ақпан 2023 3152 0
Қалалықтар қаперіне

Сайлаудың сәтті өтуін тіледі


Бүгін, облыстық әкімшіліктің кіші залында сайлау саласының ардагерлері және аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен басқосу болды. Жиынды ашып жүргізген БҚО әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов сайлаудың өтуіне белсенділік танытып, үнемі қолдау білдіріп жүрген ардагерлерге ризашылығын айтып, өңір басшысы Н. Төреғалиевтың атынан алғыс хаттар табыстады. Жиын барысында сөйлеген сайлау саласындағы ардагерлер Светлана Тенишева, Нұрлыбек Бірманов алдағы өтетін сайлаудың барысын жетілдіру, сайлаушылардың демократиялық құндылықтарын қалыптастыру, додаға түсетіндердің негізгі ерекшеліктері мен бағыт-бағдарлары туралы кеңінен тоқталып, өздерінің көп жылғы тәжірибелері туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ , БҚО бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Қапақов алдағы сайлаудың маңыздылығы мен механизмдері жөнінде ерекше айтып өтті. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов алдағы саяси науқанның ұйымшылдықпен өтуіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар әрдайым сайлау жұмыстарын ұйымдастыруда тынымсыз қызметтері үшін ардагерлерге алғысын жеткізді.

Гүлжан Аязбаева,
«Жайық үні» газетінің арнаулы тілшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»