Сайлауға түсу үшін ең алғаш құжат тапсырған адам белгілі болды
22 сәуірде Сәдібек Түгел Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер болу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ОСК-ның ресми сайтында жазылған.

Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес, қажетті 7 құжаттың бәрін тапсырған. Атап айтқанда:
1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі;
2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;
3. Өмірбаяндық мәліметтері;
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғарғы білім туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.
Сәдібек Түгел – Қазақстанның Жазушылар Одағы, Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстанның мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу