8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2019 2645 0
Қалалықтар қаперіне

САЯБАҚТЫҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Орал қаласы мәдениет және демалыс саябағының жазғы демалыс маусымы ашылды. Саябаққа жиналғандар мерекеге орай ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Демалыс орнының ашылуымен саябақ төріндегі 6 метрлік су бұрқағы іске қосылып, ата-аналар мен балалар «музыка ырғағымен билейтін» су бұрқағын қызықтады.  «Жастар» Мәдениет үйі өнерпаздары мен  мәдени-ағарту бірлестігі аула клубтарының тәрбиеленушілері мерекелік концерт ұсынды. Сондай-ақ балалар асфальтқа бейбітшілік тақырыбында сурет салып, спорттық ойындарға қатысты.

– Саябақты жарықтандыру, жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шолу дөңгелегін (Колесо обозрения) ауыстыру жоспарда бар.   Келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында жандандыруды жалғастыратын боламыз. Мәдениет және демалыс саябағы шаһар тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Сондықтан жаз маусымында келушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілетін болады, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев.

Нұрлан ЕДІГЕНОВ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»