8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2019 2929 0
Қоғам

«СӘКЕН ОҚУЛАРЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

              Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында ақиық ақын, мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі аты аңызға айналған  Сәкен  Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты қалалық Сәкен оқулары өтті.  

Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетінде қалдырған мол мұрасы мен өмірін кеңінен насихаттау, ұлы тұлғаның шығармалары арқылы жастардың көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіруді көздеген байқауға 5-11 сынып аралығындағы оқырмандар қатысты. Айтыскер ақындар Шолпан Қыдырниязова, Назгүл Кәрімова, ақын Талап Таймасұлы бастаған кәсіби мамандар    сайыскерлердің  өнеріне шынайы баға берді.

Байқау нәтижесінде  Сәкен шығармаларынан үзінді жатқа мәнерлеп оқу және Сәкен рухына арнап шығарған жеке өлеңдерін мәнерлеп оқудан №27 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Айбарыс Миразат бірінші орын алса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің 5-сынып оқушысы Айнара Аманбай  екінші орынды иеленді. Ал №12 орта мектептің 9-сынып оқушысы Айкөркем Сариева үшінші орын алды. Жарыстың екінші кезеңінде дауылпаз ақын туралы жазылған белгілі қаламгерлердің арнау шығармаларынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқудан №44 мектептің 11-сынып оқушысы Аңсағаным Сәлімжан бірінші орын алса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің 7-сынып оқушысы  Алмаз Ғарифуллин екінші орын алды. №47 мектептің 10 сынып оқушысы Исатай Қайролла ІІІ-орыннан көрінді. Сәкен әндерін орындаудан №34 мектеп оқушылары  Назерке Мейрам мен Ранида  Жолдығалиева  жүзден жүйрік шықса, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектептің  5-сынып оқушысы Баянсұлу Досмырза екінші, «Әйгерім» балалар аула клубының тәрбиеленушісі Ақнұр  Садық үшінші орындарды бөлісті. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қалалық Сәкен оқуларының жүлдегерлері іріктеліп, облыстық байқауға жолдама алады.

Өз тілшіміз

  

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
135 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
143 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
270 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
534 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»