Сүйіктісіне ұсыныс жасады
Ақтау қаласында өткен Ұлттық ұлан сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі ерекше әрі әсерлі оқиғамен есте қалды. 200-ден астам жас жауынгер Отан алдындағы адал қызметіне ант берсе, олардың арасында Орал қаласының тумасы, қатардағы жауынгер Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн екі есе маңызды болды.
Ол сүйіктісі, жерлесі Гүльназға көпшіліктің алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
Салтанатты рәсім барысында Артур Гүльназды саптық алаңның ортасына шақырып, тізе бүгіп, оған өмірлік серігі болуын сұрады. Күтпеген бұл сәттен толқыған Гүльназ еш ойланбастан:
— “Иә!” — деп жауап берді.
Бұл ерекше оқиға жиналғандардың жүрегіне жылулық ұялатты. Артур мен Гүльназ – Орал қаласының тұрғындары. Жас сарбаз әскери борышын өтеу үшін Ақтауға аттанса да, сүйіктісіне деген сезімі еш өзгермегенін дәлелдеп, маңызды күні оған ұсыныс жасауды жөн көрген.
— “Мен үшін бұл күннің мәні ерекше. Әскери ант қабылдау – әр сарбаздың өміріндегі жауапты сәт. Ал осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу мен үшін үлкен бақыт. Гүльназ менің өмірімдегі ең қымбат адам, енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін,” — деді Артур толқып тұрып.
Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаз үшін маңызды кезең. Бұл күні жауынгерлер Отанға қызмет етуге серт берсе, Артур Сәрсенғалиев өз өмірінің тағы бір маңызды шешімін қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты.
Рәсімге қатысқан сарбаздар мен олардың жақындары бұл романтикалық оқиғаның куәсі болып, жас жұпқа ақ жол тіледі. Артур мен Гүльназдың махаббат хикаясы әскери қызметтің тек қатаң тәртіп пен жауапкершілікке ғана емес, жүрек жылуына да орын бар екенін дәлелдегендей.
Оралдық қос ғашықтың бұл ерекше сәті – махаббаттың кез келген жерде, кез келген жағдайда өз орнын табатынының жарқын көрінісі. Жас жұптың болашағы жарқын болып, махаббаттары мәңгілік болсын!
ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру