8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2020 1502 0
Қалалықтар қаперіне

«ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА» ЕМХАНА АШЫЛДЫ

 «Құс фабрикасы» аталып кеткен Зашаған бау-бақша серіктестігі аумағында  отбасылық дәрігерлік емхана жұмысын бастады. Бұл медициналық нысан тұрғындардың сұранысына сәйкес Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша «БатысАвиГип» ЖШС-ның инвестициясымен ашылып отыр. Жеке болғанымен, тұрғындарға қызмет көрсету міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі және кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ұсынылады. 

Серіктестік директоры Ерғали Оразов таныстырып өткендей, жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, бала дәрігері, зертхана, ем-шара жүргізу, дәрігердің рецептісіне сәйкес тегін ұсынылатын дәрі-дәрмек тарату бөлмелері жабдықталған. Сондай-ақ нысанда күндізгі стационар жұмыс жасамақ. Екі қабатты нысанның құрылысына 50 млн. теңге жұмсалған.

– Емхана құрылысын жүргізуде жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсетілді. Жерді рәсімдеу, коммуналдық желілерді тарту сынды мәселелерді реттеуге жәрдем жасалды. Тұрғындарды тіркеуге, қабылдау жүргізуге дайынбыз, – деген Ерғали  Қараұлы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету басты назарда болатынын атап өтті.  Күнделікті жоғары тәжірибелі дәрігер, акушер-гинеколог қабылдау жүргізеді. Тар шеңберлі мамандар сұранысқа байланысты аптасына бір-екі мәрте келіп тұрмақ.

Бұл емхананың «Құс фабрикасы» аумағына салыну себептерінің бірі – Зашаған кентіндегі №6 емхананың жүктемесін азайту. Қала басшысы Абат Шыныбековтың айтуынша, онда қазір 70 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі. Қуаттылығы күніге 250 пациентті қабылдауға есептелгенімен, іс жүзінде 1000 азаматқа дәрігерлік көмек ұсынылып келеді. Дәл сол емханадағы қызметтер жаңа емханада да көрсетілетінін есепке алсақ, «Құс фабрикасы» тұрғындарына қоныстарына таяу жерде орналасқан емхананы таңдаған тиімдірек.

Айта кетейік, облыс орталығында 2020-2024 жылдар аралығында 72 инвестициялық жоба iске асырылады. Оның iшiнде 20-сы биыл iске қосылмақ.

Еcтеріңізге сала кетсек, бұған дейін осы бау-бақша серіктестігінде  жол төсеу жұмыстары жүріп жатқанын жазған едік.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»