С.АХМЕТЖАНОВ: «БОНУС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ МІНДЕТТЕРІН АДАЛ АТҚАРУЫНА СЕБЕБІН ТИГІЗЕДІ»
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановтың Агенттік брифингіндегі баяндамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысына сәйкес «Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген.
Бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем.
Сонымен, Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің 2018 жылғы қызметтерін бағалау қорытындысы бойынша бонустар төлемі туралы егжей-тегжейлі айта кетсек, әкімшілік қызметкерге бонус мөлшерін анықтау келесі шаралардан тұрады:
1. Мемлекеттік органның бонустық қорын анықтау.
Мемлекеттік органға бонус төлеуге бөлінген қаражатты тиісті ереже бойынша сол мемлекеттік органның бірінші басшысының мемарандумының орындалуымен байланыстырған.
Мысалыға, мемарандум бойынша көрсеткіштер 80 пайызға орындалған болса мемлекеттік органға бөлінген қаражаттың 20 пайызы мемлекеттік бюджетке қайтарылады және ол әрбір қызметкерге тиесілі бонус соммасын шегереді.
Агенттік Басшысының мемарандумдағы көрсеткіштері толық орындалуына байланысты бонусқа бөлінген қаражат толығымен Агенттік бюджетінде қалды.
2. Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау.
Ережеге сәйкес есептеуде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық департаменттері құрылымдық бөлімше ретінде белгіленген.
Құрылымдық бөлімшелердің бонустық қорын анықтау осы бөлімшенің басшысының жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалауға байланысты.
Мұндада, егер бөлімше басшысына бағалау тиімді деп белгіленсе, яғни 80 пайыз болса, осы бөлімшенің 20 пайыз бонус қоры ережедегі формулаларға сәйкес басқа бөлімшелерге таратылады.
Ал егер 100 пайыз толығымен орындалса бөлімшеде бонус қоры өз қызметкерлеріне таратуға қалады.
3. Мемлекеттік қызметкердің бонусын анықтау.
Қызметкердің тиесілі бонусын анықтау біріншіден арнайы құрылған комиссиямен оның жеке жұмыс жоспарының орындалуына бағалау жүргізіледі.
Сонымен, ережедегі формулаға сәйкес бағаланған пайыз қызметкердің нақты атқарған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі.
Мұнда, есепті кезеңде еңбек сіңген нақты жұмыс күндерінің санына қосымша:
1) жыл сайынғы кезекті ақы төленетін демалыста болу уақыты;
2) қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында болған кезеңі;
3) іссапарда болған кезеңі;
4) мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын нақты жұмыс істемеген уақыт;
5) жалақысы сақталмайтын демалыста болу, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақыт кіреді.
Сонымен қатар, егер «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі есепті кезеңнің бір бөлігінде пилоттық органның бір лауазымында, ал осы есепті кезеңнің басқа бөлігінде осы немесе басқа пилоттық органның не өзге мемлекеттік органның басқа лауазымында жұмыс істесе, онда бонус мөлшері осы лауазымда нақты еңбегі сіңген уақыты ескеріле отырып, пилоттық органның әрбір лауазымында есептелген бонустарының сомасы да анықталып төленетін болады.
Осындай есеп қорытындысы бойынша Агенттікте жалпы орта есеппен алғанда әкімшілік қызметкерлерге соммасы 1 және 1,5 млн.теңге мөлшерінде бонус төленді.
Ол өз кезегінде, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, қызметкерлердің өз жұмысында міндетін адал атқаруға бірден бір себебін тигізері анық.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу