«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: 166 ЖОБА ЖАСАЛДЫ, 43 ЖОБА ЖОСПАРДА
БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуі кезенде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық маңызға ие «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында биыл 175 мыңға жуық адамды қамтыған 350-ден астам маңызды шара өткізілді. Демеушілер мен меценаттар көмегімен 166 жоба жасалды. Облыс орталығында меценаттар арқылы ерекше мұқтаж адамдарға арналған құны 200 млн. теңге үй құрылысы жүргізілуде. Жоспарымызда тағы 43 жоба бар, – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар қазіргі уақытта республикалық қасиетті орындар тізіміне енген облыстағы 7 нысанға жолдар тарту мен инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар қолға алынуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде ішкі туризм дамып, облысқа келетін туристердің саны артады деп күтілуде.
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірге «Crowdsourcing.kz.» жобасы іске асуда. Бүгінгі күні 150-ден астам жобалар ұсынылып, дауыс берілді. Ең жақсы ұсынылған жобалар Орал қаласы әкімдігі жүзеге асыратын болады.
«Жайық үні» газеті
Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті
Версия для печати
Пікір үстеу